Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Ұлы Жеңіске 75 жыл!

Баян
2 мин оқу 353 оқылым

Алматы қаласы
Алатау ауданы
«№ 177 Бөбекжай балабақша» тәрбиешісі: Әміржан Баян

Биыл елімізде Ұлы Отан соғысына 75 жыл толды. Ұлы Жеңіс бізге ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі ұрпақтары үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бүгінгі ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өркендеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні- абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. Ел басына қауіп төнген кезде өрімдей жас болған аталарымыз қолына қару алып, жауға қарсы аттанғаны бүгінгі ұрпақтарына үлкен мақтаныш.Шындап келгенде , бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің ұланы болып жүргенімізге аталарымыздың үлесі зор. Аспанымыздың ашық болуына бабаларымыз жастық ғұмырын сарп еткені белгілі.
Ең бастысы ,енді ондай зұлмат соғыс болмаса екен. Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтсе де, бұл соғыс кездегі Кеңес Одағының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде қайсарлықпен шайқасқан ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер бірінші болып еске алады. Ұлы жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен , туған- тустарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Сол кезде Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандатып, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
Қиындық кезең сындарлы,
Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары,
Тағдырды талай боздақтың.
Алыстап жылдар барады,
Білініп уақыт бағасы.
Соғыстың зары заманы
Жетімнің қайғы наласы, - дей отырып батыр ержүрек ұлдарымыз бен қыздарымыз ел басына күн туғанда жандарын қу шүберекке түйіп ерліктерін көрсете білді.Жауынгер азаматтарымыз ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастап, қан майданда шайқасты. Тіпті әріге бармай- ақ, кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, ардагерлеріміз қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.

Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай аталарымыз ажал құшты.Найзағайдай жарқылдаған отты елі бар, қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын, әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш, Ұлы Жеңіске шексіз үлес қосқан сан бабаларымызды қайсар келбетін көз алдымызға елестетіп, болашағымызға күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі- ел есінде» демекші бізге жарқын болашақ бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар мәңгі жадымызда сақталып,ешқашан ұмыта алмаймыз! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігімізге күн нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы Жеңісіміз баянды болсын!Тәуелсіз еліміздің көк туы көк аспанымызда желбірей берсін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Баян

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Адасқан күшіктер

Балдәурен тобына арналған кіріктірілген сабақ жоспары. Балалар 1-ден 10-ға дейін санап, геометриялық пішіндер, тәулік бөліктері мен кеңістікті бағдарлау ұғымдарын пысықтайды.

Баян 5 мин 36 оқылым
Балабақша

Қуыршақты шомылдырып, ұйықтатамыз

Балалар қуыршақ Айгүлді шомылдырып, киімдерін ретімен шешіп, қайта киіндіреді. Қызмет барысында жуыну ережелері мен тазалық дағдылары үйретіледі.

Баян 2 мин 39 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 451 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым