Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

1 мин оқу 662 оқылым

"Ұлы даланың ұлы тұлғасы - Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы "

Ұлылық туралы негіздеме көбіне тарихты тереңінен игеруге итермелейтіні ақиқат. Ұлттық мүддені мұқият ұйымдастырсақ біраз ғұламаларды қазақ даласына "жетелейтінімізде" жалғандық емес. Осы сөзімізге сәйкес түбі бір түркі еліне ортақ ғұлама ғалым Әл- Фараби бабамыздың 1150 жылдық айтулы мерзімін атап өту қазақ халқы үшін де мәртебелі мереке .
Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, дамыған мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің өрістеп, түркі, араб, парсы өркениетінің өрістеу кезеңін туғызды . Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық. Мұсылман дүниесінің сол дәуірдегі маңызды ғылым мен мәдениетін ұштастырған орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-салалы ғылымға өзіндік сара жолын салған. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы – дәуір сұранысынан туған.
Осындай өзгеше бағытқа бет бұрып, ғаламның ғаламат құбылыстарын түгелдей тануға тырысқан ғалымның ғасырлық мұрасын меңгеру өскелең ұрпаққа міндетті іс болып отыр.
Дәрежесі тұрғысынан емес кезеңделу жүйесінде "екінші ұстаз" атанған тұлға тарихында барлық болжамды факторлар құнды деректердің мәні де еселене түспекші.
Ораз Бақтияр Садықұлы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
2-курс магистранты
Тарих-педагогика мамандығы
Ғылыми жетекшісі:
Үдербаева Сәуле Кәрібайқызы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Авторы
Ораз Бақтияр Садықұлы
Жетекшісі
Үдербаева Сәуле Кәрібайқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 15 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 73 оқылым