Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлттық тәрбие негізі – балабақшада

Ахметова Мейрамкуль Абдигаппаровна
2 мин оқу 543 оқылым

Ахметова Мейрамкуль Абдигаппаровна

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге - жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал, осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби - педагогикалық оқулықтарға енгізген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

Біздің балабақша  қызметкерлері  ұлттық үрдістерді түрлі іс-шаралар барысында, оқу қызмет барысында, серуен уақытында, ойын іс-әрекеттерінде үнемі пайдаланып, баланы ұлтжанды етіп тәрбиелеуге, өз үлестерін  қосып келе жатыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде наурыз айында «Қош келдің, Наурыз, жеріме» атты іс-шара өткізіледі. Сол шара барысында балабақша бүлдіршіндеріне ұлттық дәстүрді дәріптеп, ата-баба тарихын тереңірек тануына мүмкіндік береді. «Бесікке салу», «Тұсау кесер» т.б. салт-дәстүрлерді балалар мен ата-аналар, педагогтар өздері сахналап, оның мәні мен мағынасын ашып түсіндіреді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа, патриотизм және толеранттылыққа тәрбиелеу міндетін орындау барысында Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін «Патриоттық әндер» сайысына балабақша бүлдіршіндері қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде ұлттық ойынның алатын орны ерекше. Бала ойын арқылы шапшаңдыққа, тапқырлыққа, мергендікке, еңбексүйгіштікке үйренеді. Қаламызда ұлттық тәрбиені насихаттауға байланысты ұйымдастырылатын «Ханталапай» ойынынан жарысы дәстүрге айналып, балалардың ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыруда.

«Қазақстан патриоты» республикалық әскери-патриоттық журналы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «Тәуелсіздікке – тарту!» атты байқауына қатысып,  балабақша бүлдіршіндері: Ботабай Інжу, Жаңақұл Мерейлім - «БАС ЖҮЛДЕ», ал Жұмабай Айназ, Исмайл Гүлсезім, Тілегенова Гүлдана – жүлделі - ІІ орын иеленді.

Қалалық білім бөлімі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін «Бал бала», «Бас киімдер шеруі» және «Тәуелсіз елге тәй басқан қадам»  балалар бесік  арбасы  атты балабақша тәрбиеленушілері арасындағы қалалық байқауларға қатысып,  өз өнерлерімен бөлісіп, ат-салысып жүр.

Балабақша тәрбиесінде баланың ынтасын өсіру, ой-өрісін дамытуда халықтық педагогика элементтерін көбірек пайдаланып, жаңартып отырса, бала тәрбиесі өз жемісін берері анық.                                                                   Сондықтан халқымыздың рухани құндылықтарын, салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді жас буынға дәріптеу, оны ұрпақтан-ұрпаққа айтып жеткізіп отыру біздің басты міндетіміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ахметова Мейрамкуль Абдигаппаровна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым