Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар бәсекеге қабілетті

Гүлназ Рысбек
2 мин оқу 134 оқылым

Кез келген елдің басты қозғаушы күші - жастар. Заманның талабына сай дамып, елінің табысты болашағы үшін жаңа бастамаларға жол бастау озық ойлы табысты азаматтардың қолынан келеді. Алайда бұл тұста елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастардың ойы мен ұмтылыстарының дұрыс болуы маңызды рөл атқарады. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адамның арман-мақсаттары елінің мүддесімен сәйкес келіп, ол өз Отанын алдыңғы қатардағы әлем елдерімен тең түсер бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізе алады.

Ұлттық сана-сезімі ояу адам халқының қамы үшін қызмет етіп, қоғамға өз үлесін қосуға тырысады. Өз борышын адал атқаратын мамандары бар мемлекет экономикалық тұрғыда дамып, халықаралық аренада алдыңғы қатарға шығады. Осындай дамыған елдердің айқын мысалы ретінде Жапонияның даму үлгісін келтіре аламыз. Екі атомдық бомбаны бастан кешірген құрлықтағы кішкентай ғана мемлекет аяғынан тұрып, бәсекеге қабілетті ел болу үшін білімге ғана ден қоймай, жастардың патриоттық сезімін бойларына сіңіруіне аса мән берген. Соғыстан кейін жапондықтар самурайлық дәстүрлерден бас тартқанымен, халықтық дәстүрлерді ұмытпай, оларға аса қатты құрметпен қарады. Жастайынан оқушыларды ұлттық құндылықтарға дәріптеп, адал еңбекке баулыған. "Жапондық ғажайыптың" құпиясы тәртіпке негізделген еңбек, қоғамды жалпы ұлттық өркендеу міндеттерін шешуге жұмылдыруы, басқалардан үйренуге деген құлшыныс және "Шығыс пен Батыстың синтезі", яғни, шетелдік озық тәжірибелерді, жетістіктері мен білімді аса үйлесімділікпен қабылдап, оларды дәстүрлі-өркениеттік мұраларымен ұштастыра білуі деуге болады. Қазіргі таңда Жапония өзінің даму стратегиясы мен көкірегі ояу жастарының арқасында жетекші державалардың біріне айналып отыр.

Елінің жанашыры бола білген адам шет елге шыққанда, өз халқын ұмытпайды, керісінше, туған жерінің туын көкке ұстап, атын шығарады. Сондай үлгілі азаматтардың идеалы - Димаш Құдайберген. Қазақтың қарапайым баласы зор даусымен барлық әлемді таңғалдырған және қолына домбырасын алып, "қазақпын" деп мақтанышпен айтқан. Халықаралық сайыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз  атанған жас бұлбұл ұлттық құндылықтары арқылы өзінің бәсекеге қабілетті екендігін көрсете алды. "Менің халқыма пайда әкелуден басқа арманым жоқ", - деп сұхбаттардың бірінде шын ниетін білдіре отырып, енді ол қазақтың жас әртістеріне де әлемдік аренаға көрсетпекші екендігін ашық айтты.

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жас бәсекеге қабілетті болатыны сөзсіз әрі елінің абыройлы болуын бірінші орынға қоя алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гүлназ Рысбек

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қазақстандағы ауыл мен қала мектептері арасындағы теңсіздік мәселесі

Материалда ауыл мен қала мектептері оқушыларының үлгеріміндегі айырмашылық халықаралық зерттеулер мен ұлттық тестілеу деректері негізінде қарастырылады.

Гүлназ Рысбек 4 мин 91 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым