Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы

Автор

Газиза
2 мин оқу 66 оқылым

Сидирова Газиза Умирбековна

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

№59 орта мектебі

Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт - дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата - бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт - дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз сапалы білім, саналы тәрбие беруді ұлттық тәрбиеден қарастыруды тиімді деп есептеуіміз қажет. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европа мен американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Ұлттық тәрбиеде, әсіресе, ана тілі байлығының алар орыны ерекше екені белгілі.Осыны ескере келе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында тек қана теориялық білім беріп қана қоймай, ұлттық үрдісімізден хабар бере отырып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне жете назар аударуға тырысу керек.

Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой - пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын - жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану.

Оқушылардың ішкі дүниесін, оның рухани – адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттер, құлықтылық үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.

Елбасы атап өткендей әлемнің дамыған 50 мемлекеттерінің алғы көшінен көрінуге бағытталған ұлы мұратының бірі – сапалы білім мен саналы тәрбиені бойына жиған дарынды тұлғаның қалыптасуы екені анық. Өскелең ұрпақтың өзінің туған Отанына деген шынайы сезімі, ұлттық мақтанышы, азаматтық жауапкершілігінің оянуы – ұлттық тәрбие арқылы жүзеге асары һақ.

Соңғы жаңарту: 11 ақпан 2026, 09:08

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Газиза

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин