Мазмұнға өту

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы

Bilimger Media 2 мин оқу 694 оқылым

Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты – халықтың ұлттық ойындары. Мектеп жасына дейінгі балалардан бастап ұмыта бастаған халық ойындарын үйрену өте маңызды. Сондықтан да оны үйрету ерекше қажет нәрсе. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай аршылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,  өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.» Ойын баланың қызығушылығын оятады, денсаулығының мықты болуына жақсы әсер етеді, бойына сабырлық, төзімділік, шыдамдылық, батылдық қасиеттерді қалыптастырады. Жас ұрпаққа ұлттық ойындарды үйрету арқылы өз халқының бай мұрасынан хабардар ете отырып, ата-баба тарихына деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын оятамыз.

«Өз халқыңды сүй, сүйе біл де, оның тарихы мен мәдениетін өркендетуге үлес қос» дегендегі басты міндетіміз баланы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Әрбір педагог өз ісіне жетік, балаға үйретер тәрбие мен білім қызметтеріне мұқият, әрі ізденіп отырып дайындалса, бала бойына қозғау салып, өзі көздеген мақсатына жете білсе, міне, сонда ғана біз нағыз халық перзенттерін, болашақ азаматтарымызды тәрбиелеп өсіреміз.

Балаларды кішкентайынан өнерге, әнге баулитын ойындар көптеп саналады, соның ішінде сәбилер санасына, танымына ыңғайлы, ұғынықтысы «Белбеу тастау», «Ұшты-ұшты» ойындары. Хормен айтылатын «Айгөлек» қимыл ойынының тәрбиелік мәні бар.

Дене шынықтыру қызметінде де қазақтың ұлттық ойындары кеңінен қолданылады. Себебі, олар баланы дене даму жағынан да шынықтырып тәрбиелейді. Бұл тұрғыдан алғанда халық қастерлеген ат ойындарының үлкен патриоттық мәні бар. Олар: «Ат жарысы, Бүркіт, Хан, Алшы ойыны, Алтыбақан, Жаяу, Көпар, Тақия тастау т.б.» Енді бірі балалардың ақыл-ойын дамытатын ойындар «Тоғызқұмалақ», Дойбы, Шахмат т.б.

Қазақ халқының тұрмыстық өміріне ежелгі заманнан берік еніп, ғасырлар бойы балалардың рухани дамуына аталық қызмет етіп келеді. Бұрын ұмыт қалған болса, қазіргі кезе қайта жаңғырды.

Ақыл-ойды дамытатын «Он бір қара жұмбақ» деген ойынның да маңызы бар. Оның басты ерекшелігі  - есеп сұрақтарды қою арқылы, баланың ойлау қабілетін дамытады. Балалар сұрақтарға жауап берген кезде сөздердің әріптеріне сәйкес келуі керек. Мысалы: «Бір дегенім – білім,Екі дегенім – егеу, Үш дегенім – үскі, Төрт дегенім – төсек, Бес дегенім - бесік», осылай 11-ге дейін ойын тартымды болғандықтан бала тез қабылдайды.

Бала – біздің болашағымыз! Өскелең жас ұрпақтың білімді, саналы ата-баба мұрасын жетік біліп, салт-дәстүрімізді бойына сіңірген нағыз халық перзенті болып өсуі педагогтардың тәрбие беру ісіне де байланысты. Сондықтан да, баланың ана сүті аузынан кетпей, тілі жаңа шыға бастаған кезде оны ана тілінде сөйлетіп, өз халқының ойын әрекеттеріне баулу керек. Ұлт ойындары – ата-бабаларымыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің , күнделікті тұрмысқа пайдаланудың ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы ораса зор.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин