Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлттық ойын. «Асық ату»

Ншанбаева Айнур Нурбековна
3 мин оқу 100 оқылым

Шымкент қаласы

ШҚ ББ " Қосалқымектеп-интернаты" КММ

Дефектолог- тәрбиеші

Ншанбаева Айнур Нурбековна

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын. «Асық ату».

Мақсаты: 1. Асық ойыны туралы түсініктерін кеңейту.

2. Оқушылардың ой-өрісін, ептілік, мергендік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұлттық ойындарға деген қызығушылығтарын арттыру.

Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда да маңызы зор.

Өтілу орны: спорт алаңы

Құрал-жабдықтар: асық, ойын алаңы.

Барысы:

Қатысушылардың назарын аудару

2. Тәрбиеші сөзі:

-Қой асығы демеңіз қолайыңа жақса сақа ғой,

Жасы кіші демеңіз ақылы асса аға ғой.

Асық ойындары туралы сөз етуден бұрын, қазақ халқының асыққа деген айрықша көзқарасын айта кеткен орынды. Асық турасында ұлтымыз оны малдың, аңның жай ғана бір сүйегі ретінде қарамаған. Оған байланысты ежелден айтылып келе жатқан ырымдар бар. Мәселен, "Алты жыл аш болсаң да, асық мүжіме" деп кішкентай балаларға асық етін жегізбеген. Қасқырдың асығын өзіңмен бірге алып жүрсең тіл-көзден, ұшықтан аман-есен боласың. Атыс-шабыс болып кетсе, оқ та тимейді деген ырым бар. Тіпті, әлі күнге дейін адамдар сыртта жүргенде оқыс уақиға болса, аман қаласың деп сенеді.

Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі- асық ойыны. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі асығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай - ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай тіркестер асықтың айырықша мәніне қатысты қалыптасқаны анық.

Асықтың түрлері:

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт – жас малдың асығы.

Қойлық – қойдың асығы.

Ешкімек – ешкінің асығы.

Құлжа – құлжаның асығы.

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.

Қолқар – арқардың асығы

Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы - асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке - асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Шіге - асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы - асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

Асық ойын түрлері:

Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойынтүрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй шілік» және далалық деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй шілік» - ойын түрі қазіргі заманауи жағдайға икемделіп – «тақта » ойыны деп аталса, ал «далалық» түрі - «алаң ойыны» делініп жүр. Оқушыларға «Шеңбер» және «Алты атар» асық ойынын ойнату.

Оңқай – асықтай, Күміс – қасықтай.

Асық ойнаған — ақтық, Доп ойнаған — тоқтық.

Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар, Бәрінен де қой бағып, Қозы өсірген озар.

Құрметті оқушылар бүгінгі өтілген сабағымызда ұлттық ойнымыздың бірі асық ойынымен тереңірек танысып ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып ұмыт қалдырмай, өздеріңнен кейінгілерге жеткізесіңдер деп сенемін.

Қорытынды : мақтау марапаттау бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ншанбаева Айнур Нурбековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 77 оқылым