Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 73 оқылым

Ұлттық болмыс - ежелгі ата - баба заманынан келе жатқан қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті. Бүгінгі күнге жеткен салт - дәстүрлер мен ұлттық киімдер, аспаптар мен тағамдар, ақын - жазушылардың шығармалары - халқымыздың өткені мен бүгінінің көрінісі. Ұлттық болмысты сақтаудың жолдары қандай және неліктен ол рухани жаңғырудың басты шарты?

Ұлттық болмысты сақтау - әр қазақ азаматының мойнында жатқан үлкен парыз және де ол халық үшін аса қиындық тудырмайтын іс. Күнделікті өмірде ұлттық тілімізде қарым - қатынас жасаудың өзі - еліміздің зор болашағының белгісі.

Біздің елде 100 - ден аса ұлт өкілдері тұрғандықтан, сан - алуан мейрамдар тойланады. Сондай мейрамдардың ішінде ерекше тойланатын, ұлттық құндылықтарымыз бен ерекшеліктерімізді ұмыт қалдырмайтын - Наурыз. Наурыздың тойланып келе жатқанына 3000 жылдың жүзі болса да, әр адамның жүрегінде орны бөлек, ғажап мереке, біздің Жаңа жыл! Осынау мейрам ересектердің өз тілін, ділін, салт - дәстүрін, өткенін ұмытпауға, ал өскелең ұрпақтың бойына қазақилықтың сіңуі мен ұлттық болмысының қалыптасуына үлкен үлес қосады.

Қазіргі таңда жастардың көп бөлігі өзге ұлт өкілдеріне еліктеп, өзінің тарихын, тілін ұмытып, ұлттық құндылықтарын жоғалтуда. Бұл - көңілге қаяу түсіретін жайт. Себебі, өскелең ұрпақтың түзу жолдан таюы - ұлтымыз бен еліміздің болашағына үлкен қауіп төндіреді. Осындай жайттың алдын алу үшін, біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Рухани жаңғыру" бағдарламасын қабылдаған болатын. Бағдарламаның басты мақсаты - ұлттық болмыс пен қазақи нақышты сақтай отырып, әлемге аты әйгілі, өзге елдермен тересі тең "Мәңгілік ел" құру. Осы бағдарлама негізінде елімізде елеулі іс - шаралар өткізілді. Білім жүйесіндегі өзгерістер, жаңа технологиялар заманына аяқ басу мен публицистиканың өрге басуы, қоғамдық өзгерістер - "Мәңгілік ел" құру жолындағы үлкен еңбек.

Елбасының ізін жалғаған біздің президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев та ұлттық болмыс мәселесін алғашқы орындардың біріне қойып, ұлттың бірлігі - бірінші орында екенін айтты. Сонымен қатар, өз жолдауында ұлттық болмыс пен нағыз мемлекетшілдіктің озық үлгісі болған, Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларын тілге тиек етті.

Жаңа Қазақстанның болашағын құратын біз, өскелең ұрпақ, болғандықтан, біздің иығымызда ауыр жүк жатыр. Ана сүтімен бойымызға сіңген ана тіліміздің мәртебесін көтеру, құндылықтарымызды сақтап, білім нәрін сусындау, тарихта еліміздің атын алтын әріппен ойып жазып қалдыру - әр жастың міндеті деп санаймын!

Авторы
Советова Айгерім Саниязовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым