Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлттың ұлы ұстазы

Bilimger Media
2 мин оқу 30 оқылым

№49 "Сырдария" ЖББМ

Ұлттың ұлы ұстазы...
Қазақ халқының, қазақ даласының алғашқы ағартушысы, педагогы - Ыбырай Алтынсарин атамыздың биыл туғанына 182 жыл мерей тойы. Біз үшін бұл үлкен мереке. Ыбырай Алтынсариннің еңбектері қазақ халқының рухани - мәдени дамуына зор үлесін қосты. Ағартушының шығармалары балалар жүрегінен орын алып, білім алуға жол бастай білді.
Ағартушы өз шығармаларын, еңбектерін қазақ халқының ұлттық тәрбие үрдістерімен ұштастыра білді. Педагогика саласындағы бірнеше бағыттардың негізін салды, қазіргі педагогика саласында да қолданылып келеді.
Ыбырай Алтынсарин қазақ даласындағы мектептер мен оқыту ісін бір жүйеге келтіріп, оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс тілін меңгертуді қолға алды.Ұстаз идеясының мықтылығы сонша оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасай білді.
Ыбырай Алтынсарин - өз өмірін халқының білімді, өнерлі, жаңа заманның өркениеті мен мәдениетінен қалмайтын мәдениетті, дамыған елдердің қатарына қосу жолына арнаған еліміздің біртуар зиялы азаматы. Ол өз бойындағы дарынын, ағартушылық қызметін, терең білімі мен күш-жігерін өз елінің жас ұрпағын оқытып тәрбиелеуге, оқушысын ғылым - біліммен қаруландыруға, кәсіп түрлерін үйренуге, еңбекқор болуға үйретуге арналған. Жолында кезіккен сан алуан қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, елінің ардақтысы, мақтан тұтар ұлы тұлғасына айналды.
Ыбырай шығармалары адамды рухани байыта алатын қасиетке ие. Ол рухани тәрбиенің маңыздылығын ең басты құндылық деп санады. Әсіресе, Ыбырай әңгімелерінің құрылымы, мән-мағынасы, тәрбиелік мәні баланың санасына ерекше әсер етіп, қызығушылығын оятып, бала бойына тереңінен тәрбие құйып, қоғамда адамгершілігі жоғары адамдарды қалыптастыра алды. Мысалы бала күнімізде оқыған Ыбырайдың "Екі дос" әңгімесінің бір өзі-ақ адалдықты санамызға сіңіре білді. Осы сияқты "Әке мен бала", "Асыл шөп" т.б әңгімелері бала санасына ерекше әсер етіп, өмірді жақсы қырынан танып, рухани бай болуға негіздейді.
Ыбырай шығармаларын тереңінен зерттеп, оның ұрпаққа қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, оны қасиетті ұстаз деп тану, біздің парызымыз деп түсінемін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Давлатова Азиза

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым