Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлт ұстазының өнегелі сөздері

Автор

Камшат
2 мин оқу 28 оқылым

Ұлт ұстазының өнегелі сөздері

Қай кезеңді алып қарасақ та, қоғамдағы жастардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі, жастар әрбір елдің мәдени, рухани және саяси өмірінде басты рөл атқаратын белсенді топ болып саналады.

Осы жастар тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген ағартушы, қоғам қайраткерлері де аз емес екені мәлім. Сол азаматтардың бірі және бірегейі ретінде Ахмет Байтұрсынұлын айтуға болады. Міне, осыған орай болашақ әдебиетшілерге бағыт-бағдар беру мақсатында біздің өндірістік тәжірибеміз Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығында өтуде.

«Ұлт ұстазы» аталып, қазақ қоғамы мен мәдениеті, болшағының көркеюіне орасан зор өз үлесін қосқан. Ахмет атамыздың мына бір нақыл сөзі бар: «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді».

Ұлтымыздың жанашыры қазақ балаларының ертеңі үшін алаңдап, олардың оқуында, тәрбиесінде, өз ана тілінде сауат ашуы үшін үлкен еңбек сіңірген қайраткер. Ол өзінің 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз болысымыз, басқа жұрттың болысындай, елді баға алмайтын мінін айтып жатырмыз, билерімізде содиядай әділдік жоқ, мінін айтып жатырмыз, дәрігерлеріміз, бақсыларымыз доқтырдай ауруды емдей алмайтын мінін айтып жатырмыз, халқымыздың басқа жұрттай білімді емес, надандық мінін де айтып жатырмыз. Бұлардың мінін айтқанда бала оқытуымызда қандай мін барын да айтып, әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та – оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзелді... Жаңалыққа жастар мойын бұрып қайырылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс, - деп жазып, жастардың сауатты, тәрбиелі болуы қоғамды өзгертуші күш, ұлт болашағы екендігін, қоғамдағы әділетсіздіктердің әсерінен дұрыс білім берілмеуінен, сауатсыздықтан туындап отырғанын тап басып көрсетті.

Жастар білімін көтеруде үлкен маңызға ие оқу құралының бірі — ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Оқу құралы» туындысы – сол заманда ұлттың ана тілінде сөйлеуі, жастардың сауатын көтеру, дүниетанымын кеңейтуде оң әсерін тигізген құнды еңбек. Бұл еңбектің басты құндылығы – ана тілінде сауат аштыру, жастарды оқыту арқылы тәрбиелеп, ұлт болашағына алаңдайтын жауапкершілігі мол азамат болуға баулу.

Жазықсыз жалаға ұшыраған Ахмет атамыздың: «Оқу құралы» бүгінгі кезеңде де өз күшін жоймаса, қазіргі ұстаздар жас ұрпаққа бұл еңбектің мән-мағынасын ашып, дұрыс бағдар берсе, білім саласында жүрген жансыз оқулықтардан арылар едік.

Біз жастар оқу-білімнің әр қоғамда үлкен маңызға ие екенін естен шығармауымыз керек. Сол оқу-білімді дер кезінде үйренсек, басқалардың алдында иілмей, өркениеті дамыған ұлт жастары болар едік. Келер ұрпаққа мұра етіп қалдырар асыл байлыққа ие болар едік. Оқу-білім адам баласын көкте құстай ұшырып, суда балықтай жүзгізген, дүниенің төрт бұрышына жол ашатын үлкен құндылық. Сол себепті, өз болашағымызға бей-жай қарамай, дұрыс білім, дұрыс тәрбие алуға үлкен ынта қойсақ, біз үшін үлкен жеңіс осы болар еді...

Жаппарбекова Камшат

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология және әлем тілдері факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті

Мекебаева Лейла

ф. ғ. к. аға оқытушы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Камшат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Тіл-ел тірегі.

Материалда ана тілінің ұлт өміріндегі орны, баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және ойындар мен жаттығуларды тіл дамытуда қолдану сөз болады.

Камшат 69 оқылым 2 мин
Балабақша

«Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг

Балабақша педагогтеріне арналған «Біз біргеміз» тренингінде ұжымның көңіл күйін жақсартуға, қарым-қатынасты нығайтуға және ауызбіршілікті қалыптастыруға арналған жаттығулар мен ойындар қамтылған.

Камшат 680 оқылым 5 мин
Жалпы рубрика

Шаруа мен Аю

Орыс халық ертегісі «Шаруа мен Аю» бойынша драма сабағының жоспары. Балалар ертегі мазмұнын талдап, кейіпкерлерді рөлге бөліп ойнайды.

Камшат 1 815 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин