Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлт ұстазын ұмытпау - міндет!

Айберген Нұралы
2 мин оқу 31 оқылым

ХХ ғасыр - қазақ халқының ешқашан жадынан кетпейтін ұлы оқиғаларға куәгер болған ғасыр. Сан түрлі соқпақты басынан өткерген қазақ қай қиындыққа болмасын қасқайып қарсы тұра алды, соның нәтижесінде қазіргі егемендікке жетті. Себебі қазақтың үміті мен үрейін арқалаған, “оян, қазақ!” деп ұрандатып, халқын “маса” болып оятқан зиялы ұлт қауымы болды. Ол - Алаш зиялылары, Алаш ардақтылары, ұлт үшін жанын пида еткен ұлы азаматтар! Халқының болашағы үшін бар күш-жігерін салып, бастарын бәйгеге тікті. Ұлтының ұлы көшбасшылары бола білді. Алаш зиялыларының қайсыбірін айтсақ та, кеудеде “ Мен - қазақпын” деген үлкен мақтаныш сезімі орнайды.

Алаш арыстарының ішінде қазақтың саяси өміріне ғана емес, мәдениетіне, әдебиетіне, тіліне, ғылымына зор үлесін тигізіп, ұлттың ұлы кітапханасының бір бұрышын қалаған - Ахмет Байтұрсынұлы. Ол - ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор! Ол - тіл табиғатын сақтау үшін аянбай тер төккен ғалым! Ол - сан түрлі ғылымды бір бойына жинай алған әмбебап тұлға! Ол - халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы Ахмет Байтұрсынұлы! Заманындағы алып тұлғалар да оның ұлтжандылығын асқан мақтанышпен суреттейді. Бұған дәлел - замандасы, жалынды ақын Сәкен Сейфуллиннің мына бір сөздері: “… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.”

Ғалымның ерен еңбегі қай ғасырда болмасын халқы үшін құнды, бағалы. Бүгін де ұлт зиялысына арнап ашылған орындар өте көп: институт, мұражай-үй, ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік орталық, аты берілген түрлі оқу орындары және мектептер, тағысын тағы. Тағы бір мақтанышпен айта кететін жайт - елімізге елеулі жоғары оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің студенттері өндірістік тәжірибе барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «ТІЛ – ҚҰРАЛ» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығымен келісімшарт жасап, ұлт зиялысының ғылымдағы ғұмырымен, рухани мұрасымен жете танысуда. Өндірістік тәжірибедегі басты мақсат - ұлт ұстазының ұлы істерін ұрпақтарына көрсету және ұстаздың салған сара жолын жалғастырар шәкірттер қалыптыру. Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі күнге қалдырған мол мұрасын біреу білсе, біреу білмейді. Ал оның зерттелмеген қазыналары әлі де жетерлік. Сондықтан да, халқымыздың тілі мен әдебиетіне айтарлықтай зор үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлының ұшан теңіз еңбектерін зерттеп, оларды көпшілікке танытып, дәріптеуіміз керек.

Айберген НҰРАЛЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология және әлем тілдері факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті.

Райхан ИМАХАНБЕТ
ф.ғ.к., аға оқытушы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айберген Нұралы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Сіз білмейтін инстаграм...

Мәтінде Instagram желісін жасаған Кевин Систромның өмір жолы, алғашқы Burbn жобасы және Instagram-ның іске қосылуы туралы баяндалады.

Айберген НҰРАЛЫ 1 мин 28 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 75 оқылым