Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі

Kamila Mulik
1 мин оқу 84 оқылым

 Қазіргі таңда бүкіл әлем жұрты алаң көңілмен күн кешіп жатыр. Медицина саласы ең көңіл бөлетін қажетті сала екендігін кешегі ауыр індетпен көрес көз жеткізді. Әлемдік пандемия дәрігерлердің рөлін, медицина саласын, ғылым мен білімді дамытудың қаншалықты маңызды екенін бүкіл әлемге айқындап берді.

Осыған орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен барыс жылы – балалар жылы деп жариялануы да бекер емес. Кез келген мемлекеттің өміршеңдігінің белгісі – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ал олардың денсаулығы, білімі, материалдық әл-ауқаты, қауіпсіздігі мемлекеттің назарынан тыс қалмақ емес. Қасым-Жомарт Тоқаев та баяндамасында, ұлт денсаулығы мемлекетіміздің басты байлығы екенін айтты. Адамның өмір сүру деңгейін жақсарту – бұл, ең алдымен, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты екені белгілі. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына мұқият қарауы, уақытында медициналық тексеруден өтіп, жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Өйткені денсаулық үшін жауапкершілік, алдымен, азаматтың өзіне тікелей байланысты. Сонда ғана әр адам өз денсаулығының жауапкершілігін сезініп, табысты әрі мықты болуға ұмтылады. Жалпы, денсаулық - байлық. Ұлттың дені сау болса, мемлекет те табысты болады.

Денсаулық – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекеттік саясаттың басым бағдары болып табылатыны белгілі. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады. Демек, өміріңіз бен нұрлы болашағыңыз өз қолымызда екеніндігін ұмытпау керек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Kamila Mulik

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Балалар аутизмі: Қазақстандағы жағдайы қандай?

Қазақстанда аутизмі бар балаларды білім беру ұйымдарына қабылдаудағы қиындықтар, ерте араласудың маңызы және инклюзивті білім беруді дамыту жоспарлары туралы.

Kamila Mulik 5 мин 46 оқылым
Жалпы рубрика

Ағылшын тілі туралы подкаст

Подкастта мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне ерте жастан баулудың маңызы және ойын, өлең, диалог арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары айтылады.

Kamila Mulik 2 мин 27 оқылым
Жалпы рубрика

Америкалық фильмдер мен мультфильмдер арқылы ағылшын тілін заманауи, стандартты емес әдістермен үйрену

Мақалада америкалық фильмдер мен мультфильмдерді пайдаланып ағылшын тілін үйрену, бейнематериалдарды тіл деңгейіне сай таңдау және ауызекі сөйлеуді дамыту жолдары баяндалады.

Kamila Mulik 2 мин 67 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым