Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Не дәмді»  ертегісі

Көптлеуова Әлия Бауыржанқызы
3 мин оқу 984 оқылым

Тәрбиеші: Көптлеуова Әлия

Тобы:ортаңғы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Не дәмді»  ертегісі

Мақсаты: ертегі мазмұнымен таныстыру, кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі-сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән мағынасын бұзбай байланыстыра баяндай білуге үйретуді қалыптастыру.

Қолданылатын технология: мнемотехнология,  триз

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мнемотехнология

Қолданылатын көрнекі - құралдар: үй-жануарларының суреттері, аудио жазба, ертегі бейнежазба,  слайд, луллия шеңбері

Билингвалды компонент:

Дәмді – вкусно -delicious, сиыр-корова-Cow,  ит -собака-dog,  түйе-верблюд-Camel,  жылқы –лощадь -horse,  мысық – кошка- саt,  қой – баран -  sheep

Оқу қызметінің өтілу барысы

Кіріспе

Қонақтармен үш тілде  сәлемдесу.

Саламатсызба! Здравствуйте! Goodmorning!

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?                                                                                                             -Қазір жылдың күз  мезгілі
-Жарайсың, дұрыс айтасың. Ал, енді кім айтады күз мезгілінде неше ай бар?

- Күз мезгілінде үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.                                                                                                                                      - Осы күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?                                                                                 -Күзде күн суыта бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Айнала сап сары алтындай түске енеді, аспанды сұр бұлт басады, жаңбыр жиі жауады, үстімізге жылы киімдерімізді кие бастаймыз.

Өткен оқу қызметімізде сезім мүшелерімен таныстық. Сезім мүшелері 5 топқа бөлінеді екен.

  1. Көру мүшесі – көз
  2. Есту мүшесі - құлақ
  3. Дәм сезу мүшесі – тіл
  4. Иіс сезу мүшесі – мұрын
  5. Сипап сезу мүшесі - тері

Негізгі бөлім:

Ғажайып сәт:

Үй жануарлардың дыбысы  шығады.

  • Балалар бұл ненің дыбысы?
  • Сиыр, қой , жылқы, түйе, мысық, ит
  • Жарайсыңдар,енді бір сөзбен айтқанда не деп атаймыз?
  • Үй жануарлары
  • Жарайсыңдар, балалар!

- Сендер үй жануарлары туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

Мақал – мәтел айту

1.жылқы – малдың патшасы,

Түйе – малдың қасқасы.

  1. Ит жеті қазынаның бірі.
  2. сиыр сауған шөлдемес

- Жарайсыңдар, балалар сендер көп мақал-мәтел біледі екенсіңдер. Ал, сендер үй жануарлары туралы ертегі білесіңдерме?

Олай болса балалар мен сендерге үй жануарлары туралы ертегімен танысамыз. Ендеше экранға назар аударамыз.

Ертегіні тамашалау.

«Не дәмді» ертегісін экраннан тамашалайды.

Ертегі желісі бойынша сұрақ- жауап:

  • Балалар ертегі не туралы екен?
  • Ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?
  • Үй жануарлары не үшін айтысты?
  • Балалар , әр жануарлардың сүйікті асы бар екен. Ал , сендердің сүйікті астарың қандай?
  • Билингвалды компонент: аудио жазбамен жұмыс
  • Дәмді-вкусно-delicious,сиыр-корова-Cow,ит-собака-dog,түйе-верблюд-Camel,жылқы-лощадь-Horse, мысық – кошка- саt, қой – баран - sheep

          Тіл ұстарту  жаттығуы

  1. Ие – ие – ие ,

Маң – маң басқан  түйе.

  1. Қы – қы – қы ,

Кісінейді  жылқы.

  1. Ой – ой – ой ,

Қорада тұр қой.

  1. Иыр – иыр – иыр ,

Сүт береді сиыр.

  1. Ық – ық – ық ,

Тышқан жейді  мысық.

Енді балалар тыңдаған ертегіміз бойынша үш топта жұмыс жасайық.  Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек  пішіндерін таңдау арқылы топтарға бөлінеміз.

                1-топ . үшбұрыш

2-топ.  төртбұрыш

3-топ.  дөңгелек

Үшбұрышты таңдаған балалар  мнемотехнология әдісі бойынша үй жануарлары туралы  тақпақ жаттайды.

Төртбұрышты таңдаған балалар «Луллия» шеңбері ойыны арқылы  ертегі кейіпкерлерінің сүйікті асын табамыз.

Дөңгелекті таңдаған балалар үй жануарларынан алатын өнім. Құрттың жасалу жолымен танысады.

                              Қорытынды

  • Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық?
  • Ертегі кейіпкерлерінің сүйікті асы қандай?

Дидактикалық ойын:  «Сүйікті асты тап»

Оқу қызметіне жақсы белсене қатысқан балаларды жұлдызшалармен мадақтау

Балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Жануарлар бізді өзінің сүйкімділігімен, адамға деген достығымен қуантады. Сондықтан үй жануарларына қамқор болыңдар.        Балалар орнымыздан тұрып, келген қонақтармен қоштасамыз.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі  келген қонаққа

Сау болыңыз деп, айтамыз

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: ертегі кейіпкерлерінің атауларын үш тілде қайталай алады

Түсінеді:   ертегі мазмұнын түсінеді

Қолдана алады: ертегіні сахналайды

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Көптлеуова Әлия Бауыржанқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым