Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұйымдастырған іс-әрекеті "Ғажайып саяхат" Қазақ тілі. №9 мектепалды топ

Bilimger Media
4 мин оқу 42 оқылым

Мақсаты: 1. Балалардың қазақ тілін оқытуға деген қызығушылығын ояту

және қолдау, әдістемелік тәсілдер мен ойындардың алуан

түрлілігімен, дәстүрлі емес тәсілдермен білімге танымдық

қызығушылық таныту.

Балалардың өзін-өзі көрсетуіне ықпал ететін ортаны ұйымдастыру;

коммуникативті қарым-қатынас мотивациясын құру. Тосын

сәттерді, балалардың қозғалыс белсенділігіне жағдай жасау, жаңа

тәсілдермен таныстыру, сол арқылы балалардың сабаққа деген

қызығушылығын, болып жатқанның бәріне қатысуға деген

ұмтылысын ояту.Балаларды белгілі тілдік материалды жаңа ойын

жағдайларына көшіруге үйрету.

"Жануарлар", "Киімдер", "Оюлар", "Түстер", "Санау тақырыптары

бойынша лексикалық және грамматикалық материалдарды

жандандыру.

2.Балалардың психологиялық қабілеттерін, есте сақтаудың барлық

түрлерін,  соның ішінде моториканы дамыту. Балалардың қазақ

тілін оқытуға деген қызығушылығын ояту және қолдау, әдістемелік

тәсілдер мен ойындардың алуан түрлілігімен, дәстүрлі емес

тәсілдермен білімге танымдық қызығушылық таныту. балалардың

психологиялық қабілеттерін, есте сақтаудың барлық түрлерін,

соның ішінде моториканы дамыту.

  1. Басқалармен, оның ішінде жануарлармен достық қарым-қатынас

мәдениетін, төзімділігін, мәдениетін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, ойын, өлең, тақпақ, ән тындау, сөздік жұмыс,

сергіту сәті, тосын сый.

Қолданылатын көрнекіліктер: Тақырыптар бойынша демонстрациялық

материал. Ойыншық-аңдар, Боб құртақан, "Луллия"шеңберлері,

чемодан көрнекілігі, электронды ойын үлгілері, суретке қажетті

құралдар, табиғи материалдар.

Мұғалім: -Балалар бүгін біз ғажайып саяхатқа барамыз.

Барғыларын келе ме?

Балалар: -ия

Балалар қарандаршы мынау ненің суреті?

Балалар: - ұшақ-кілемнің суреті.

Мұғалім балалармен ұшақ -кілемге отырып ұшады.

Фонетикалық жаттығу

– Кілеміміз ұшады, бетімізді жел соғып у-у -у дыбыс шығарады.

– Міне, біз дәл бұлттың арасынан ұшып келе жатырмыз, ал кілем күшейіп келеді: «р–р–р»

-Міне біз керемет хайуанаттар бағына ұшып бара жатырмыз, кілеміміз тоқтап, «т-т-т» дейді.

Ұшақ ұшып жатыр, ызылдайды - [ы-ы-ы]

Ал жылан жорғалап, ысқырады - [с-с-с]

Гүлдегі ара ызылдайды - [з-з-з]

Пеш үстіндегі шәйнек ызылдайды - [ш-ш-ш]

-Ал, міне, біз сендермен бірге, ғажайып хайуанаттар бағына ұшып келдік. Жүріндер, онда қандай жануарлар бар екенін көрейік.

Ой бу жануарлар бізден қорқып тығылып қалыпты.

Ойын "Аңдарды тап" балалар хайуанаттар бағындағы тығылып қалған аңдарды бір құлағы, көзі, немесе құйрығы арқылы табады.

Балалар суреттерге қарап дене мүшелері мен бейнесі, терісінің түстері арқылы толық сөйлем айтып аңдарды табады арыстанның құйрығы, банан ұстаған маймылдын қолы, аюдың басы, пілдің кұлағы т.б осылайша балалар хайуанаттарды табады.

Жарайсындар, балалар!

Сергіту сәті

Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.
Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді

Сергіту жаттығуын орындайды.

Балалар, осы ғажайып хайуанаттар бағында Боб есімді мейірімді құртақан жұмыс істейді, өкінішке орай, оның жұмысы көп ол сендерден көмек сұрады. Жануарларды тамақтандыру керек, оған көмектесейік! Бірақ бізде барлық тәттілерге жеткілікті екенін білу үшін хайуанаттар бағында қанша жануар бар екенін және қанша көкөніс пен жеміс бар екенін санау керек.

(балалардан көкөністерді, жемістерді, жануарларды қайта санауды сұрау. Жеке бекіту)

"Аңдарды тамақтандыру" ойыны "Луллия"шеңберлері

- Балалар,  маған аңдарды тамақтандыруға көмектесіндерші. Міне, мен бір нәрсені ұмытып кеттім, кім не жейді, нені ұнатады, сендер маған есте сақтауға көмектесесіндер.  Аңдарды жақсы көретін тағамына қосыңдар. (Балалар айналмалы шеңберлер арқылы жануарлар жейтін тағамдардың суреттерін сәйкестендіреді)

Жарайсындар, балалар! Боб есімді құртақан сендерге рахмет айтады.

Балалар сендерге қандай аңдар ұнады.

«Сурет салу арқылы немесе табиғи материалдармен ұнаған аңды жасау»
(табиғи материалдармен жұмыс)

Мақсаты: қол еңбегін дамыту.
Шарты:
• Әр топқа тапсырмаларды бөліп беру;
• Қажет заттармен таныстыру;
• Электронды ойыннан үлгі көрсету;
• Тапсырманы орындауға уақыт беру;
Қажет заттар: ақ қағазға салынған жанарлар суреті, мақта, түйенің түбіті, желім.
Балалар өздеріне берілген тапсырманы орындау үшін, қажетті заттармен танысады, электронды ойыннан үлгіні көріп алады, кейін тапсырмаларын орындауға кіріседі.

Балалар, біздің сапарымыз сендерге ұнады ма? Жаңа достарымыз үшін сүйікті әнімізді айтайық!

Рефлексивті - коррекциялаушы

Қорытынды бөлім.

- Достарым, енді топқа оралатын кез келді. Сиқырлы ұшақ кілемі бізді көптен күтті, өз орындарына отырындар.

- Міне, біз топқа келдік. Енді сендер аналарыңыз бен әкелеріңізге, достарыңызға және біздің қызықты сапарымыз туралы, бүгін қайда болғанымыз және не көргеніміз туралы кез келген адамға айта аласыз.

Балалар бүгін аңдар туралы не білгенімізді электронды оқулық арқылы тексеріп көрейікші?
- Электронды оқулығымыз арқылы аңдарды  тауып көрсетіп,  не жейді толық жауап.
Аңдарды топтастырып көрсетіп, дыбысталуын салып көрейік?
Тамаша, балалар! Сендер тапсырманы өте жақсы орындадындар!

- Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар.
Мақтау, мадақтау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым