Мазмұнға өту

Ұйымдардағы психологиялық мәселелер және арыз шағымдар

Оралбек Нұрбибі 3 мин оқу 48 оқылым

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымның, ғалым мен білімге құштар студенттің ортақ қара шаңырағы. Қазіргі кезеңде зерттеулердің көрсеткіштеріне келсек эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін ұйымдар арасындағы мазасыз адамдар саны едәуір ұлғаюда. Көп жағдайда мазасызданудың бірден-бір себебі – тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырмау, тұрақсыз немесе, кейде жай алдамшы қарым-қатынастар жасау т.с.с. сенімсіздік тудырады. Ол біресе жақын, біресе алыс, біресе бар шапағатқа бөленеді. Біресе неге екенін өзі де білмейді – жазаланады. Ұйымдардағы үрейленудің мәні – тұлға жанының іштей қарама – қайшылықта болуы.

Бұл мамандықта тек аудармаға қатысты емес болашақ өмірде де қажетті болар «Философия және саясаттану» факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасынан психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның басшылығымен «Басқару психологиясы» пәнін де меңгерудеміз. Бұл пәннің біздің мамандыққа аса қажеттігін ерекше атап өту керек. Тұлға кәдімгдей өзіндегі қарсы күштерді сезінеді. Оның біреуі ата – анасына тартады. Басқасы итермелейді, алыстатады. Ол оның тұрақты, әрі берік екеніне сенбейді. Мұндай үрей кез-келген жазадан да қорқынышты.

Денсаулық − физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бірі-бірімен ете тығыз байланыста болады. Стрес мәселесі мен психикалық денсаулық шеңберінде бірінші жоспарға қолдаудың екінші түрі − ресми емес әлеуметтік қорғау шығады. Мұнда, ең алдымен, студенттердің өздерінің қолдаулары, сонымен қатар, ұстаздар жағынан да қолдау кіреді. Кәсіби іс-әрекеттегі стерс факторларын зерттеу жұмыстары әлеуметтік қолдау – стресті жағдай редукцияның бір шарты болып табылатынын көрсетті. Мұның астында қызметтестер жағынан жұмыс жайында және кәсіби мәселені шешудегі басқару арқылы көмек пен бірлескен әрекеттері. Критикалық жағдайларды олар маңызды қорғаушы, адамның психикалық денсаулығына әсер ететін психологиялық фактор болып табылады. Жеткіліксіз әлеуметтік 201 көмек өз әрекетінің нәтиджесіне қанағаттанбау, қалауынсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Сын айту мен фрустрацияның мысалы болып айналадағылардың жеткіліксіз әлеуметтік қолдауы нәтижесінде туатын кәсіби құлаудың симптомы – деперсонализация болып табылады. Орындалған әрекет пен жағымды қайтарылған ақпарат нәтижесінде өз үлесінің арасындағы сәйкес келмеушілік, өз кезегінде, мотивацияның төмендеуіне әкелетін гратификация кризисіне әкеледі.

Э.Фромм адамның қиын өмірлік сәттерін бастан кешіруде көмектесетін үш негізгі психологиялық ресурсты болып көрсетті. 1. Үміт – өмір мен дамуға алып келетін психологиялық категория. Ол өмірге келетін бір нәрсеге кездесуге дайындық пен белсенді түрде күтуді айтады. «Үміттену – яғни кез-келген уақытта өмірге келмеген жайлы ойлану және соған мұңаймау егер де сол немесе басқа бір қажеттілік дүниеге келу орындалмаған жағдайда қажет. 2. Рационалды күш – ерлік. Рухани күш – үміт және сенім қаупінің мүмкіндіктеріне ұшырауға қарсылық білдіру қабілеттілігі, оларды «жалаңаш оптимизм немесе иррационалды сенімге айналдыру. Спиноза рухани күш ретінде бүкіл әлем «ИӘ» деп естуді қалағанда «ЖОҚ» деп айта алу қабілеттілігі деп түсінеді. Б.Г. Ананьев стресс – тұлғаның төзімділігі мен фрустаторларының қатынасына байланысты шыдамдылықты қолдау, моральдық көмек, қатысу, басқа адамдарға байланысты жұбаныш, топпен келісуді жатқызады.

Ұйымдар ішіндегі эмоционалды икемділік әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, себебі әрбір нәрсеге алаңдаушылық таныта бермей керсінше болған мәселені қабылдап оны саналы түрде тиімді шешуге бағытталудың негізі. Жақсы эмоционалдық икемділік өзін-өзі бағалауға, жеке тұлғаның дамуындағы көптеген ішкі қиындықтарды жеңуге көмектеседі, депрессивті және үрейлі жағдайлардың реттеушісі болып табылады, нәтижесінде айтарлықтай өмірлік өзгерістерге әкеледі. Эмоционалды икемділікті позитив синониммен немесе оң эмоция сезіну деп есептеуге болмайды, себебі эмоционалды икемді адамның өзі қайғырады, мұңайады, ауыр тиетін жағдайлар мен жағымсыз эмоцияларды сезінеді, бірақ ол бұл эмоциаларды әр түрлі жағынан қарауға, оларға орын беруге, қабылдауға, онымен жұмыс істеуге және босатуға қабілетті болуында. Яғни жүйке жүйесінің жұмысын бұза отырып және барлық өмірлік процестерді тұрақсыздандыра келе болған қиындықты қабылдап, түсініп оны ішінде сақтамай босатуы адамның эмоционалды икемді болуында.

Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Закарьянова Ш.Н.

Оралбек Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

1-курс магистранты

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Оралбек Нұрбибі

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин