Мазмұнға өту

Үйірме жұмысының маңызы мен міндеттері, түрлері

Әбушанова Құндыз Смағұлқызы 3 мин оқу 3 279 оқылым

Әбушанова Құндыз Смағұлқызы

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында: "Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді" - деп көрсетілген. Балаларға қосымша білім беру - білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Жас буынға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.Тәрбие процесін ұйымдастыруда үйірме жұмыстарының алатын орны ерекше. Жастарды өнерге, мәдениетке құштарлығын дамыту мен тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.

Ойдағыдай жұмыс істеу үшін әрбір жеке үйірмені білім деңгейі, іскерліктері, дағдылары шамалас екі (ең көп болғанда 3 сынып құрған абзал). Мысалы: техникалық үйірме ұйымдастырылса бастауыш сынып оқушыларына негізгі орта буын сыныптарына екінші жыл үйренетін ал жоғарғы сыныптарға одан кейінгі жылдары ұйымдастырылатын үйірмені бірнеше сатылы түрде ұйымдастыруға болады.

Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Мұндай бағдарлама мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің оқу бағдарламасына қарағанда үлгі ретінде болады. Ол үйірме жетекшісінің мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіктерін оқушылардың жеке ерекшеліктерін талаптары мен ынталары әзірлік дәрежелерін т.б. ескеріп, нақтылы жұмыс жасауды жеңілдететін бағыт болып табылады. Әрбір үлгі бағдарлама танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі түрлерін көздейді. Бірақ практикалық жұмыстарды таңдау әрқашан тек қана бағдарлама бойынша болмайды. Олардың орындалуы көптеген себептерде материалдық детальтармен саймандардың болуына жетекшінің білім мен іскерлік дәрежесіне үйірме мүшелерінің техникалық даярлығы мен ынталарына байланысты. Практикалық жұмыстардың сипаты мен көлеміне байланысты жетекші бағдарламаға бір тақырып бойынша көбейтуге жеке тақырыптарды шығарып, орнына жаңа тақырыптарды қосып өз өзгерістерін енгізе алады. Осыдан келіп үлгі бавғдарлама бойынша әрбір тақырыпқа берілген уақыттың шарттылығы туады. Бір түрлі модуль немесе құралды әзірлеуге жұмсалатын уақыт паралель екі үйірмеде әртүрлі болуы мүмкін, ол құрал – жабдықтарға, материалға, жұмыс істеушілердің санына олардың іскерлінгі мен басқа да жағдайларға байланысты. Жұмыс жоспарында бағдарлама тақырыптарын атап көрсетіп әрбір осы тақырыптар бойынша әңгімелер мен лабораториялық жұмыстардың графиктерін жобалап белгілеу керек. Бұл жоспарға үйірменің жүргізуге жоспарланған көпшілік шараларда енеді – экскурсия, тақырыптық кештер, көрмелер, жарыстар шығару т.с.с. жоспарды үйірме мүшелерінің түлектерімен ұсыныстарын ескерту үшін үйірме ұжымының бірінші немесе екінші сабағында талқылау қажет. Үйірме сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми көпшілік әдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны пайдалана білуді үйретуі тиіс. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді қатан санаулы тәртіпті сақтау мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білуі тәрбиелік мақсатқа қызмет етеді. Үйірме мүшелері үйірме мүлкін сақтауға толық жауапты екендігін сезінуі қажет.

Үйірме жетекшісі староста мен басқа да сайланып қойылған адамдардың жұмыстарына бағыт беріп, оларға тапсырылған жұмыс үшін толық жауапкершілікті қажет етеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Әбушанова Құндыз Смағұлқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин