Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Үй жануарлары

Имантаева Жулдыз Санатовна
2 мин оқу 31 оқылым

Имантаева Жулдыз Санатовна

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Тіл дамыту
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларына
қамқорлық жасап, бағала Қайырлы таң, й білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, жұмбақтар, тақпақтар.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, үн таспа, әжейдің үйі,
Ермексаз, тақтайша, фланелеграф, мольберт тақтасы, желім,
Түбіт. Балалар әуен ырғағымен шығады.

Шаттық шеңберіне жиналу: Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, Жер - ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, балалар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Үлкенге де “сіз”,
Кішіге де “сіз”,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

- Балалар бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы:”Үй жануарлары”
- Балалар оқу іс - әрекетіміз аралас - саяхат сабақ.
- Балалар бүгін біздер балабақшамызға көрші тұратын Раушан әжейдің үйіне қонаққа
барамыз. Әжейдің қорасындағы үй жануарларымен танысып, төлдерін тамашалап
қайтайық.
- Олай болса, балалар жан - жағымызға қарап, табиғатты бақылайық.

Балалар тақтадағы суретпен жұмыс:
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Қыста ауа - райы қандай болады?
- Суық, салқын болады.
- Қыста не жауады?
- Қар жауады.
- Қыста қалай киінеміз?
- Жылы, қалың киінеміз.
- Дұрыс - ақ балалар, жарайсыңдар.
- Балалар, Раушан әжейдің үйіне де келіп қалыппыз ғой.
- Үйдің есігінің алдында не жатыр?
- Ит жатыр.
- Балалар, ит не істейді?
- Үйді күзетеді, қорғайды.
- Дұрыс - ақ
Әжей: Амансыңдар ма, құлындарым, қошақандарым!
Қош келдіңіздер!
- Әжей біздің бүлдіршіндерді сіздің үй жануарларыңызбен, оның төлдері, олардан
алатын өнім - бұйымдарымен таныстыруға алып келдім.
- Әжей: Жарайсыңдар, ботақандарым! Мына ауламда жүрген үй жануарларым
ғой. Жылқым - құлынымен, сиырым – бұзауымен, түйем – ботасымен,
қойым – қозысымен, ешкім - лағымен, итім – күшігімен, мысығым – марғауымен.
- Балалар мына жануарларға әжей тамақ беріп, бағып – қағып өсіреді. Олар адамның
күтімінде болады. Сондықтан оларды үй жануарлары деп атайды.
- Әжей: Құлыншақтарым менің, үй жануарлары бізге кисек - киім,
ішсек – тамақ, мінсек - көлік. Олардың жүні де, сүті де, терісі де,
мүйізі де, еті де, сүйегі бәрі де пайдалы.
- Балалар үй жануарларының бізге берер пайдасы көп екен.
- Әжей:- Ботақандарым менің! Немерелерім келгенде тапсырмалар беретін
едім. Енді сендерге де берейін. Мына жинаулы тұрған көрпелерді қой мен түйемнің
жүнінен жасап едім.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Имантаева Жулдыз Санатовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 340 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 96 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым