Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Үй тапсырмасының қазіргі таңдағы үлесі қандай?

Аяжан Алдаберген
3 мин оқу 87 оқылым

    Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі оқушы­лар­ға түсетін жүктемені же­­ңіл­­дету мақсатымен үй тап­­сырмасын реттеуді қол­ға алып отырғаны өте бір құптарлық іс. Себе­бі, мек­тепте оқу үдерісін ұйым­дастырудың құрамды бөлігі ретінде үйге бері­ле­тін тапсырмалар көп­те­ген дидактикалық мақ­­сат­тарды жүзеге асы­ру­мен бірге оқушы­ны өз бетінше жұ­мыс істеуге үйретудің, дамыту­дың, жасампаздық, ізденім­паздық қабілеттерін жетіл­дірудің де құралы.      

Алайда, үй тапсырмасын беру талаптары көптен бері орындалмай келе жатқан мәселенің бірі екендігі де белгілі. Оған бірден-бір себеп, оқытылатын пәндердің мазмұнын заман талабына сай, ғылымның даму деңгейіне ла­йық­ты етіп құру керек дегенді бас­шылыққа алып, мектепке жаңа оқу материалдарының көптеп енгі­зілуі болатын. Психологиялық-педагогикалық негізде түпкілікті ойластырылмағандықтан, бірінші кезекте пәндерді мектепте оқыту үшін бөлінген уақыттың шектеулі екендігі ескерілмеді. Екіншіден, оқушы мүмкіндігі мен шама-шарқы есепке алынбады. Үшінші, оқытылатын пәндердің теориялық деңгейін көтеру керек деп мектеп оқушысы білуі міндетті емес материалдар көбейіп кетті.

Сондай-ақ, мектепте күнделікті өмірде кең қолданыс табатын, ЖОО бағдарламасын еркін игеріп кетуге берік негіз қалайтын материалдар ғана оқытылуы керек екендігі де есепке алынбады.  Мектептегі оқу материалда­рының көптігі соншалықты, олар­дың негізгілерінің өзін оқушы­лардың сабақ үстінде игеруі мүм­кін болмай қалды. Сондықтан, мұғалім оны оқушы өз бетінше оқып келсін деп үйге тапсырма ретінде беруге мәжбүр болды. Ал үйге берілген тапсырмаларды оқушы орындайын десе, сабақ үстінде жеткілікті тірек білімдер қаланбаған. Оқушы әрекет жасағанмен, оқу материа­лын түсінуі қиын немесе мүлде түсінбейді. Ендігі жерде оқушы үй тапсырмасын «жылы жауып» қоя салатын болып алды. Соның салдарынан оқушының оқуға деген ынтасы да жойыла бастады. 

Халыққа есеп беру кезінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның министрліктің үй тапсырмасына қатысты жүргізген зерттеуінің қорытындысына сүйеніп, «оқу­шылардың 48%-ы үй тапсырмасын мүлдем орындамайды» деп айтқаны шындыққа жанасады. Ал мұндай жағдайдың орын алуын жай қатардағы дерек ретінде келтірілген ақпарат ретінде қабылдауға болмайды. Бұл үлкен дабыл қағатын, оқу жүйесін ғана емес, бүкіл қоғамды аяғынан тік тұрғызатын мәселе. Егер мектеп оқушыларының жартысына жуығы үй тапсырмасын мүлде орындамайтын болса, онда олар өтілген материалдарды да білмегені, келесі сабаққа дайын болмағаны, онда жаңа сабақты да игере алмағаны емес пе? Демек, қазіргі мектеп оқушыларының жартысы мүлде білім алмайды деген қорытындыға келуге де болады.  Еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі жаңа әдістемелік ұсынымдар жасалуда екен. Оған сәйкес бұрынғымен салыстыр­ғанда үй тапсырмасы шамамен екі есеге жуық қысқартылатыны көзделген. Бірақ бұл шараның оқушылардың білім сапасын көтере қоятындығына күмәнмен қарауға тура келеді.  Мәселенің түйіні оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көле­мін азайтуға ғана байланысты болмаса керек. Мектеп бірінші кезекте жоғары оқу орындарында оқытылатын немесе орта білім үшін басы артық мәліметтерден арылғаны жөн.

Студенттердің ЖОО бағдарламасын игеріп кете алмай жатқан себебі, олардың, мәселен, математикадан мектепте өтілетін жоғары математика элементтерін меңгермегендігіне тіптен де байланысты емес. Оған себеп, мектеп математикасының дәстүрлі тақырыптарын білме­гендігінен. Мәселен, оқушы­ларда математикалық дағды жеткілікті қалыптаспаған, түп­теп келгенде олардың жалпы мате­ма­тикалық мәдениеті өте төмен: математикалық өрнектерге еркін түрлендірулер жасай алмайды, математикалық ұғымдар мен ережелерді меңгермеген, нәтижеде дұрыс пайымдаулар жасап, ақиқат қорытынды шығаруда да дәрменсіздік танытады. Егер мектептің математика бағдарламасы жоғары математика элементтерінен арылатын болса, онда бүкіл жаратылыстану пәндері, оның ішінде әсіресе физика пәнін оқушы шамасына лайықты етіп қайта құрылымдауға болар еді.  Осындай жағдай коғамдық-гуманитарлық пәндерде де орын алған. Ол туралы жазушы, әдебиет сыншысы Жұма-Назар Сомжүрек «Білім негізін қайтсек дұрыс қалаймыз?» («Егемен Қазақстан», 17.05.2017) деген мақаласында негізгі мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарында оқушы білуге міндеттілерден міндетті емес материалдардың көп болып шыққанын айтады. ЖОО-да білім алушылардың (студенттердің), мысалы, жоға­ры математика пәнін игере алмауы­ның басты себебі, олардың «эн­ци­клопедиялық» білімдерінің молдығынан да, ақпаратты көп жинақтауынан да, «тығыздалған» білім алып, көп біліп кеткенінен де емес, керісінше, олардың көпшілігінде қарапайым білімнің өзі де жоқ екендігінен болып отырған жағдай. 

Қорыта айтарымыз, мек­теп­тегі білім сапасын көтеру, оқу жүктемесін қалыпқа келтіру, оның ішінде, әрине, үйге берілетін тап­сырманы реттеу, орта білім алуға қажетті және жет­кілікті оқу мазмұнын дұрыс таңдап алуымызға тікелей байланысты екендігін ескеру керек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Аяжан Алдаберген

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым