Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек,күрке тауық

Bilimger Media
3 мин оқу 162 оқылым

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,Аягөз қаласы
«№1 Бөбекжай балабақшасы» КМҚК
Тәрбиеші: Чаева Сәуле Мамаркалиевна.

Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы:Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек,күрке тауық.
Мақсаты:Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы
туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер:Үй қүстарының суреттері,мнемосызба, жұмыртқа,поезд,дүрбі,құсхана,
үнтаспа.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: - Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-біріміздің тату
екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де - сіз,
Кішіге де – сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар: - Күз мезгілі
Тәрбиеші: - Күз мезгілінде ауа-райындағы өзгерістер қандай болады? Тәрбиеші: - Балалар,
тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Балапан есік
қағады.
Қонаққа балапан келеді.
Тәрбиеші: - Балапан, сен неге ренжіп тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.
Балапан: - Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма, балалар?
Тәрбиеші: - Әрине, балапан. Біз саған көмектесеміз.Балапан қолында тапсырма үй
құстарын құрастыру.
Тәрбиеші: Үш топқа құрастырғыш қағаздар таратылады.
- Балалар, сендер нені құрастырдыңдар?
Яғни балалар, бұл үй құстары екен.
Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй құстары»
Тәрбиеші: Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық балапан, қаз, үйрек (
суреттерін тақтаға іле отырып атау).

Мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?

- Түсі қызыл.
- Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы болады және құйрығы бар екен. Әтеш қалай дыбыс
шығарады?
- Ку-ка-ре-ку.(тілдік жаттығу)
- Ал, мынау тауық, бұл да үй құсына жатады.Олар жем жеп, су ішеді.
- Түсі ақ.
- Олар қалай дыбыстайды?
- Қыт-қыт-қыт. .(тілдік жаттығу)

- Тауықтар туралы қандай тақпақ білесіңдер? (Балалар тақпақ айтады)

Мынау-қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз
тауықтарға қарағанда үлкендеу болады, жұмыртқасы да үлкендеу болады.(салыстырту).
Ал мынау-үйрек. Үйректің түсі ақ екен. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.Үйректің де
жұмыртқасы болады, ол да тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады.(Салыстыру).
Теледидардан видеобейне көру «Үй құстары»
Поездбен саяхатқа шығу.
Балалар қазір біз саяхатқа шығайық.Жолда көрген айналамыздағы қоршаған ортаны
дүрбімен қарап айтып отырамыз.Міне, балалар «Құсханаға» жеттік.Құсханадағы апаймен
амандасып,не үшін келгендерін айтады.

Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады.Үй құстарының
пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық,
көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды.Ұя
салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да
қорек беріп, көмек көрсетеді.Балалар құсханадан көп мағлұмат алады.Апаймен
қоштасып,топқа қайта оралады.
Тәрбиеші –Балалар, шаршаған боларсыңдар, сергіп алайық.

Сергіту сәті
Тәрбиешімен бірге қайталап, балалар құстар биін билейді.
(Сергіту жаттығуын жасап, орындарына келіп отырады)

Ойын: «Не артық?»
Шарты:Үй құстарының ішінен дала құстарын алып тастайды.
- Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
- Ия ұнады.

1 - тапсырма: Жұмбақ шешу.
Басында айдары бар,
Иегінде сақалы бар. (Әтеш)
2 – тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?
(қаз, тауық, әтеш, үйрек)
3 – тапсырма: Әтеш туралы кім жаңылтпаш біледі?
Әтеш әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.

Топтық жұмыс
Балалар үй құстарының бейнесін жасайды. Қазды жайылымға жібереді,жапсыру.
Қорытынды
Мнемосызба арқылы сабақты қорытындылау
Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: - Қаз, тауық, үйрек.
Тәрбиеші: - Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
Балалар: - Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.
Тәрбиеші: - Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!

Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығымыз өте жақсы қатыстық.
Мадақтау (киндержұмыртқасын тарату)

Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй
құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын білу керек.
Болу керек:
Балалар үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын тазартып
балапандарына қамқор болу керек.
Істей білу керек:
Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек. Үй құстарына
деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым