Ашық көрсетілім (Ата-анамен бірлескен жұмыс).
Тақырыбы: "Тұзбен ойнаймыз - шынығамыз"
Міндеті: Балаларды ересектермен бірге мазмұнды қарапайым ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойындарға қызығушылығын дамытуға ықпал ету, шынықтыру шараларын орындауға үйрету. Ойындар кезінде жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін орындауға өз бетінше ықылас танытуға үйрету. Балалардың ойын әрекетіне ата-аналар қауымдастығын тарту.
Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті ойыншық машиналар, тырма күрек,түрлі-түсті ойыншық доптар, түрлі түсті шарлар, түсті қағаздар, әр-түрлі геометриялық сақиналар.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, ойын сұрақ-жауап.
Барысы:
Балалар, бүгін сендердің аналарың бүгін қонаққа келді. Бізбен бірге тұзды шахтада ойындар ойнайды.
- Балалар қане маған назар аударыңдаршы? Біз өзіміздің жақсы көретін "Топ-топ" әнін айтайықшы.
- Жарайсыңдар балалар.
- Балалар енді сендермен бірге көңілді піл ойынын ойнаймыз.
№ 1 Ойын тапсырма
Тақырыбы: "Көңілді піл"
Шарты: Балалардың көз деңгейінде орналасқан пілдің макетіне балалар геометриялық пішіндерден жасалған сақиналарды лақтыру арқылы орналастырады.
- Жарайсыңдар балалар, енді жүк көлігі ойыншықтарымен ойындар ойнаймыз.
№2 ойын тапсырма.
Тақырыбы: "Түрлі-түсті камаздар"
Шарты: Балалар жүк көлігімен жануарларды тасымалдайды. Оларға баспана құрастырып, тұздан төмпешіктер жасап ойнайды. Балаларға сұрақ қоямын. Қандай жануарларды тасымалдап бара жатырсың. Күрегіңнің түсі қандай?
- Балалар осы тұзды бөлмеде еркін дұрыс тыныс алуымыз керек. Себебі тұзды бөлменің пайдасы өте көп.
Қанекей дұрыс тыныс алайықшы? 1,2,3
Жарайсыңдар, балалар керемет жасадыңдар
№ 3 ойын тапсырма
Тақырыбы: "Шармен ойын" Ата-аналармен бірлескен жұмыс.
Шарты: Ата-аналар түрлі-түсті шарларды үрлеп қағаз қиындыларын пайдаланып балаларға арнап ойыншықтар жасайды. (Балапан, тасбақа).
Ата - аналар сіздердің ойыншықтарыңыз өте әдемі шықты. Жарайсыздар енді ойыншықтарды балаларға ұсына қойыңыздар.
Енді тобымызға қайтамыз. Сіздерге көп-көп рахмет.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/tuzben-oinaimyz-shynygamyz
Bilimger Media
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.