Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Туындының анықтамасы

Тлегенова Сания Мухановна
2 мин оқу 720 оқылым

ТАЛДЫҚОРҒАН  ӨНЕРКӘСІПТІК  ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ  ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 61-62

Күні Топ
10
11
13

Пәні:Математика

Сабақтың тақырыбы: Туындының анықтамасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға аргументтің өсімшесі, функцияның өсімшесі және туындының анықтамаларын үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды туындының анықтамасы және формуласын пайдаланып есеп шығару дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, қосымша тапсырмалар.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасы
  2. Жаңа сабақ
  3. Жаңа сабақты бекіту
  4. Бағалау.
  5. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Саламатсыздар ма оқушылар?
  • Сыныпта кім жоқ? Кім кезекші?
  • Сабақты бастаймыз
  1. Үй тапсырмасы: №245

г)

ғ)
д)

е)

ж)

з)

  1. Жаңа сабақ.

    y=f(x)функциясы берілсін. Аргументтің х және х1мәндері функцияның анықталу облысын алынсын.

    Анықтама. х1-х айырымын аргументтің х нүктесіндегі өсімшесі деп атайды.

Өсімше ∆х таңбасымен белгіленіп, «дельта икс» деп оқылады, яғни ∆х=x1-x.

Аргумент өсімшесін

∆х=(x+∆х)-x (1)

теңдігімен жазуға болады. Демек, аргумент өсімшесі аргументтің екі нүктедегі мәндерінің айырымына тең.

Аргумент х-ке ∆х өсімшесін бергенде y=f(x) функциясы да өсімше қабылдайды. Бұл функцияның өсімшесі ∆у деп белгіленіп, ∆у=(y+∆y)-y немесе

∆y=f(x+∆x)-f(x) (2)

теңдігімен анықталады.

Сонда функция өсімшесі функцияның екі нүктедегі мәндерінің айырымына тең.

Анықтама.  қатынасының аргумент өсімшесі ∆х нөлге ұмтылғанда шегі бар болса, онда ол шекті y=f(x) функциясының х нүктесіндегі туындысы деп атайды.

y=f(x) функциясының х туындысы у'=f '(x) деп белгіленіп, х-тең эф штрих деп оқылады.

Демек,

(3)

Функцияның туындысын табу амалын функцияны дифференциалдау деп атайды.

х нүктесінде функцияның туындысы бар болса, онда f(x) функциясын осы нүктеде дифференциалданатын функция деп атайды. Егер функция аралықтың барлық нүктелерінде дифференциалданатын болса, онда оны осы аралықта дифференциалданатын функция деп атайды.

Анықтама бойынша туынды табу алгоритмі төмендегідей:

  1. Аргументке ∆х өсімшесін беру;
  2. ∆х өсімшеге сәйкес функция өсімшесін, яғни ∆y= f(x+∆x)-f(x) анықтау;
  3. Функция өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасын табу, яғни ;
  4. Аргумент өсімшесі ∆х нөлге ұмтылғандағы қатынастың шегін анықтау, яғни: .
  5. Жаңа сабақты бекіту. Есептер шығару.

№163

ә) б)
в)

№164

а)

ә)

№166
а)

б)

Сабақты қорытындылау.

  1. х1-х айырымын аргументтің х нүктесіндегі өсімшесі дегеніміз не?
  2. Туынды дегеніміз не?
  3. Дифференциал дегеніміз не?

Бағалау.
Үйге тапсырма: №130,134

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Тлегенова Сания Мухановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым