Мазмұнға өту

Түстерді танып білу

Сейдалиева Гулнара Абилдаевна 2 мин оқу 451 оқылым

Сейдалиева Гулнара Абилдаевна

Шымкент қаласы

ШҚ ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ

Мұғалім- дефектолог

Сабақтың тақырыбы: Түстерді танып білу.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Балаларды түстермен таныстырып,  негізгі түсті топтастыруға үйрету: ақ, қызыл, сары, көк.

Б) Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, зейінің, түстерді қабылдап және түс туралы түсініктерді жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілетін, ойын арқылы саусақ қол моторикасын дамыту.

В)Тәрбиелік: Оқушылырды ұқыптылыққа, ептілікке және жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Түстер туралы плакаттар, суреттер, түрлі-түсті шарлар, таспалар әр түсті, әр түсті пішіндер, боялған асық.

Сабақ әдісі: Қызыгушылығын ояту, ойын.

Сабақ барысы: Біз бүгін түстермен танысамыз, яғни ақ, қызыл, сары және көк түстермен танысамыз. Бұл төрт түрлі түс күнделікті өмірде өте көп кездеседі. Бұл түстерді атап айыра білуіміз керек. Бұл түстер мысалыға қызыл көйлек, көк алма, сары жапырақ деген сияқты атауларда кездеседі. Түрлі дидактикалық ойындар арқылы түстердің айырмашылығын, ерекшелігін ажырата білуге үйретеміз.

№1 Ойын.  Қызыл, сары, көк, ақ шарларды үрлеп таспаға  ( лента ) байлау. Әртүрлі шарға өзіне түстес таспаны байлау керек.

- Қане, балалар біз енді әр шарға өзіне түстес таспаны байлауымыз керек.

№2 Ойын: Асық ойыны.

Балалар енді екінші ойынымыз міне, боялған асықтар: қызыл, жасыл, ақ, сары. Осы боялған асықтарды түсіне қарай ажырата тізуіміз керек. Араластырылған асықтарды қорапшадан алып түс-түсіне қарай тізіп қоямыз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұралық,

Алақанды ұралық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір демалып алайық.

№3 Ойын.

Ал енді, балалар үшінші ойынымыз төрт түрлі таспаны төрт түрлі таяқшаға орауымыз керек. Бұл жерде балалар жылдамдықпен ептілік өте қажет.

№4. Ойын.

- Балалар енді төртінші ойынымыз төрт түсті түрлі пішіндер салынған қорапшаға саламыз.

- Міне мынау төрт түсті қорапшалар: ақ, қызыл, сары, көк. Осы қорапшалардың әрқайсысының ішіне түстес пішіндерді тауып саламыз. Бұл жердеде ептілік пен жылдамдық қажет. Сол үшін балалар өте мұқият қарап түстерді шатаспай  ажырата білуіміз керек.

Қорытынды:

Балалар бүгінгі сабақта төрт түсті ажыратуды үйрендік. Ойындар арқылы қай түс қай жерде кездесетінің білдік. Балалар бүгінгі танысқан  төрт түсті қайталайықшы (қызыл, сары, ақ және көк).

Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Сабаққа қатысқан қонақтарға түстер әлемінің сыйлығы бар ( түрлі-түсті шарлар сыйлау).

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сейдалиева Гулнара Абилдаевна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин