Мазмұнға өту

"Түркістан уалаятының газеті" - тұңғыш қазақ басылымы

Абдрахманова Айгерім 2 мин оқу 60 оқылым

ҚазҰУ, Журналистика 101 тобы, Абдрахманова Айгерім

«Түркістан уалаятының газеті» – тұңғыш қазақ басылымы

Кез – келген дүниенің басталуы және тарихы болады. Қазақ баспасөзінің де өзінің терең әрі қызықты тарихы болса керек. Біздің еліміздің басылымдары Ресей патшалығының отарлау саясатының кезінде дүниеге келді. Сол уақыттағы еліміздің зиялы қауымы шындықты жария қылуға тырысса да, өкінішке орай, көп дүниені құпия қылуға тура келді. Дегенмен, қазақтың алғашқы газеттері халыққа орасан қызмет қылды.

Қазақ баспасөзінің тұңғышы – «Түркістан уалаятының газеті”. Оның шығу кезі 1870 жылдан бастау алады. Алғашқысында Ресей үкіметінің қол астында болып, патшаның саясатын оң деп үгіттеу рөлін атқарып жүрді. Халық биліктің шығарған үкімдері мен жарлықтарымен танысып отырды. Толығырақ сипаттама беретін болсам: газет “Туркистанские ведомости” газетінің қосымшасы болып шығып жүрді; алғашында екі рет өзбекше, екі рет қазақша жарық көрді. Ең қызықтысы, бұл газет тек еліміздің ғана емес, Орталық Азияның алғашқы мерзімді басылымы болып саналады. Бұл да бір орны бөлек ақпарат. Газетте тек саяси мәліметтер болған соң, халық ішінде үлкен танымалдылыққа ие болмады. Кейін басылым беттерінде ағартушылық материалдар пайда болғанда, бұл газет басқа деңгейге көтерілді. Демек, біз қазақ халқы оқуды, дамуды ұнатты деп айта аламыз. Сол кезге дейін жұртымыз тек өзінің руындағы немесе ауылындағы әдебиетпен таныс болды. Ал енді тіпті орыс ағартушыларының шығармаларын да оқи алды. Мысалы, Л. Н. Толстойдың, И. А. Крыловтың және А. С. Пушкиннің аудармалары қазақ халқына жат болмады. Бұрын ауызша тарап біткен қазақтың жырлары, дастандары мен өлеңдері де енді жазба түрінде белгілі болды. Көптеген мақалалар да оқырман қызығына иеленді. «Түркістан уалаятының газеті» қазақ үшін өте құнды болса керек. Егер бір ауылдың адамы бір шығарылымын алса, оны барлығы оқып шығатын . Бір – біріне жарамсыз болмай қалғанша таратып бөлісетін.

Өкінішке орай, 1883 жылы Түркістан генерал – губернаторының шешімімен «Түркістан уалаятының газеті» қазақша шығаралымы тоқтатты. 1885 – ші жылдан бастап, газетте тек орысша және өзбекше ақпараттар басылып жүрді. Бірақ өз заманының қазақ интеллегенциясының мүшелері әрі тіл жанашырлары мақалаларын жариялап тұрды.

Қазақ мерзімді баспасөзінің алғашқы жұлдызына 153 жыл толды. Менің ойымша, «Түркістан уалаятының газеті» тек баспасөздің ғана емес, қазақ журналистикасының атасы десе болады. Осы кезге дейін жалғасып келе жатқан үлкен жолдың бастау көзі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Абдрахманова Айгерім

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Қазақстан” газеті және Ғұмар Қарашев

"Қазақстан" газеті және Ғұмар Қарашев Ғұмар Қарашев - қоғам қайраткері, ақын және халқын білімге шақырған ұлы тұлға. Ол араб, түрік, татар, парсы, башқұрт тілдерін жақсы білген. Дін саласынан да сауатты болған еді. Ғұмар…

Абдрахманова Айгерім 21 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин