Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы

Бақытжан Ақбота Әділханқызы
2 мин оқу 42 оқылым

«Түркістан-түркі әлемінің рухани астанасы»
Әлемнің жеті кереметінен кем түспейтін қасиетті де киелі мекен
Түркістанның сәулеті мен мәдениеті ерекше жаңарып келеді. Қазақ халқы
тарихының айнасы, бабаларымыздың көне қаласы, күллі түркі елдерінің
басын біріктіріп жақындастыра түсетін алтын көпірге айналды. Діни және
тарихи киелі орын саналатын Түркістан бүгінде туризм өлкесі, елімізді алға
жетелейтін алтын кілті іспеттес.
Түркістан облысы қаймағы бұзылмаған қазақтың қара шаңырағы.
Берекесі ұйыған киелі мекен. Мағжан ақын жырлағандай «Екі дүние есігі, Ер
түріктің бесігі». Түркі әлемнің рухани ордасы. Ел басымыз Н.Назарбаев :
«Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап
алу керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан» деген болатын.
Түркістан шахары облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ұлттық
болмысымыздың, рухани қазынамыздың орталығы. Түркі дүниесінің рухани
астанасы.
Түркістан облысының туристік әлеуеті жоғары. Әсіресе туризім
кластерінің басым бағыты көлік инфақұрылымы қолайлы жолға қойылған.
Түркістан қаласы тарихи туризімнің алтын ұясы. Қала басында қала
қонақтарымен тұрғындарына қажетті ойын сауық орталығы, заманауи қонақ
үйлер мәдени тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар салтанат үйлері
спорттық демалыс нысандар, базарлар мен супермаркеттер талапқа сай
салынған. Сондай-ақ туристерге толықтай сапалы қызмет көрсететін орындар
жетерліктей деңгейде.
«Өткенімен салыстыра отырып, бүгінгілер өмір сүреді» дейді ақын
Олжас Сүлейменов. Түркістан – Қазақстан жеріндегі ең ежелгі қалалардың
бірі және бірегейі. Оның өзіндік кескіні өзіндік тағдыры бар. Ғасырлар
қойнауынан бізге жеткен сәулет әлемінің таңғажайып дүниесі Қожа Ахмет
Яссауи кесенесі. Бүгінде ол Түркістанның қақ ортасында орналасып, төрткүл
дүниені таңдай қақтыруда. Сондай-ақ қаланың бүгінгі сәулетіне ерекше
көркемдік қосып тұрған Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық
университетінің ғимараты. Айта берсек, зерделей берсек Түркістанның
ғажайыптары мен тылсым сыры ашыла түспек. Заманы туып, облыс
орталығына айналған қастерлі шахар енді ұлтымыздың рухын көтеретін
келешегі кемел Түркістанға айналмақ. Ұлттық болмысымыздың, рухани
қазынамыздың орталығы саналатын бұл мекен түркі дүниесінің рухани
астанасы. Төрт күлл дүниені байланыстыра отырып, түрік халықтары
татулығын сақтайтын алтын көпір болып қала бермек!
Бақытжан Ақбота Әділханқыз

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бақытжан Ақбота Әділханқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым