Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тұңғиықтан жарыққа ұмтылу

Автор

Исламбек Ибраймов
3 мин оқу 15 оқылым

​Қараңғы қызық көгіне өрмелеп шығып күн болуға, білім жарығын себуге ұмтылған тұлғаның бірі Ахмет Байтұрсынов еді. Қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ғалым, әдебиетші, ақын, аудармашы. «Ұлт ұстазы» деп құрметтелетін дана да, дара тұлға.

​Ахмет Байтұрсынов ұлы Ресей патшалық үкіметінің қазақ халқына  әділетсіз  қатынасын көріп өсті. Әкесі жазықсыздан жазықсыз Сібірге айдалды. Әкесі Байтұрсынның арманы – баласын оқыту еді, оның ішінде орысша білім алғанын қалады. Себебі тіл білмегеннің кесірінен, өзінің кінәсіз екенін заң жүзінде дәлелдеп бере алмады.

​Ахмет бала кезден орыстың шынжау солдатының қазақтың ең мықты деген жігіттерін қорлағанын көріп өсті. Оның Торғайдағы екі жылдық орыс-қазақ мектебін аяқтап, Орынборға оқуға келгенде мақсаты айқын болды.

​Оның қаруы бұрынғы көшпенді халықтың сойылы мен қылышы емес, кез келген жүрекке жететін, рухын оятатын Сөз еді. Сол қазақ зиялыларының сөзін жеткізу үшін «Қазақ» газетін шығарды. Крыловтың мысалдарын аудара бастады. Кейін «Қырық мысал» кітабы Патша үкіметі тарапынан халыққа зиян әкелетін кітап деп танылды. Оның үстіне бір топ қазақ зиялылары жазып, 14 500 адам қол қойған «Қарқаралы» петициясы Ахмет Байтұрсыновтың басына қара бұлт болып төнді. 1909 жылы шілдеде Ахмет жоғарыда аталған әрекеттері үшін түрмеге қамалды.

​Сегіз айдан кейін Семей түрмесінен босатылып ерекше үкіммен Орынбор қаласына жер аударылады. Ерекше үкімге сәйкес Ахмет Байтұрсынов туған елінде екі жылға дейін тұру мүмкіндігінен айырылады және полицияның бақылауында болады. Бірақ соған қарамастан осы кезең Ахмет Байтұрсынов үшін шығармашылыққа толы кезең болды. Ол кітапханада ұзақ отырды, достарымен, пікірлестерімен жақындаса түсті.

​Ахмет Байтұрсынов халықтың бай ауыз әдебиетін жинауда, оны кітап етіп шығаруда көп еңбек сіңірді. Ол өзінің аз-кем демалыстарында халық арасында болып, үлкен адамдардың айтқан аңыз-әңгімелерін тыңдағанды жақсы көретін. Сол аңыз-әңгімелерді өз оқушыларына айтып беретін.

​Сан ғасырлар бойы кең байтақ даланы кезіп жүріп, тірі қалған халқының білімге, ғылымға ұмтылмайтыны қынжылтады. Ханының да, қарасының да білімге ұмтылмай, озық технологиялар заманы келгенде қорғана алмай патшалық Ресейдің қол астына кіргенін түсінеді. Енді сол сан ғасырлық еркіндікке, тәуелсіздікке жету үшін өзгеге құл болмай білімге, жарыққа ұмтылу керегін айтып дабыл қағады.

​Ахмет өзінің «Қазақтың өкпесі» деген мақаласында қазақтың жай-күйін айтып шыңғырады. Себебі мақала шын мәнінде оның жан айқайы еді. «Халық қазір жарық әлемге өкпелі. Қазаққа тиесілі жерді ішкі Ресейден ағылған мұжықтарға бергені үшін үкіметке өкпелі.Қазақтың жерін қазынаға өткізуге келіскен өмірден өткендеріне өкпелі».

​«Қазақтар өз-өзіне би болған заманда өзара қырылысып, білімге құштарлық таныстқан жоқ. Қазақтың жерінің қазынаға өткенінде жақсылық бар. Әйтпесе көрші башқұрттар құсап, жерін сатып өздері қаңғып қалар еді. Қазақтың өзінен басқа өкпелеуге беті жоқ» деп қорытады. Осы мақала оқыған қазақ зиялыларының арасында жақсы пікірлерге ие болды.

​Далада өмір сүрген қазақтар сауатсыздығы кесірінен өзгелерге жем болып жүргені айтылады. Сотты болса, сайлауға қатысса да елді алдаған қулардың арбауына түсіп, бар байлығынан айырылып жүрген де қазақтар деп ашына жазды.

​Қазақты жаңа биікке алып шығатын тек білім. Сондықтан халықты ағарту, олардың ұйықтап жатырған санасын ояту үшін қазақ зиялыларының маңдай тері ғана төгілмеді. Өмірлері де қиылды.

​Тар қапаста отырып, өз еркіндігін аңсамады олар. Олар аңсағаны артында қалған халқы еркіндікке жетсе екен деп тіледі. Ұлт зиялылары бір-біріне сатқындық жасамады. Тар қапастағы үні қараңғы түнді жарық еткен найзағай жарқылындай жарқылдаса екен деді. Өлімге кетіп бара жатқан сәтінде де аяғындағы қорқыныш дірілін басып, даладан естілген күннің күркіріне күлімсіреген оны түрме қарауылдары түсінбесе де, бүгінгі ұрпақ түсінеді деп ойлаймын. Оның ұзын дәлізде кетіп бара жатып көлеңкесі қанатын қомдап ұшқалы тұрған бүркітке ұқсады.  Ахмет өз мақсатын әкесінің арманымен ұштастырып, елі үшін қызмет етіп, алған білімін халқына бере білді.

Исламбек Ибраймов

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

филология факультеті , “Қазақ тілі      мен әдебиеті” мамандығының 4 курс студенті

Райхан Имаханбет

ф.ғ.к., аға оқытушы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Исламбек Ибраймов

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин