Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде

Шамшадинова Мөлдір Жеңісқызы
2 мин оқу 209 оқылым

Шамшадинова Мөлдір Жеңісқызы
Оқытушы: Болтаева Алия Масакбаевна

Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде
Қоғам-адамдардан құралады. Адамды қоғамсыз, қоғамды адамсыз елестету қиын. Осы екі нәрсені байланыстырып тұратын – қарым-қатынас. Ал тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі болса, адамзат қарым-қатынассыз өмір сүруі мүмкін бе?
Тұлғааралық қарым-қатынас - қарым-қатынастар арасындағы өзара әрекеттестікте қолданылатын мінез-құлық, өзара хабарламалар, ым-ишара, хат алмасу хабарламалары деуге болады. Тұлғааралық қарым-қатынас болмаса, тұлғаның даму процессі әлсірейді, тіпті жойылып кетеді десек те болады. Осы бойынша менің оқытушым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология ғылымдарының кандидаты Болтаева Алия Масакбаевна әлемде түрлі жаңадан зерттеу жүргізіліп жатқанын айтты. Мысалға, Батыс елдерінде тұлғааралық қарым-қатынас тәжірибе негізінде жетім балаларға зерттеу жасалған екен. Бұл жерде жетім балаларға, яғни қараусыз қалған балаларға зерттеу жүргізіп, екі топқа бөлген. Бірінші топта, 1 жасқа жетпеген нәрестеге күтім жасайды, тамақтандырып, жатын-орынмен қамтамасыз етеді. Алайда нәресте жылаған кезде, нәрестенің жанына да жақындамайды. Екінші топқа келер болсақ, бірінші топтағы нәрестенің жасымен тең. Бірақ та, бұл нәресте жылаған сәтте жанына адам барып, қамқорлық танытады. Нәрестеге махаббат және жылу беріп, құшақтап, тыныштандырады. Екінші нәрестеге барынша махаббат беруге тырысады. Нәтижесінде, бірінші топтағы нәресте ақыр соңында шетінеп кеткен. Екінші топтағы нәресте жетіліп, жақсы дамыған. Осы зерттеудің қорытындысында, адам қарым-қатынассыз өмір сүре алмайтынын байқаймыз. Тұлғааралық қарым-қатынас бұл расыменде тұлғалық дамудың негізі болатынын анық байқауға болады.
Л.С. Выготский зерттеуінде бала дамуы үлкендермен жасалған қарым-қатынас барысында орындалады деп анықтайды.
И.М. Сеченев жүз жыл бұрын атағандай, жалпы өмір сүруді реттейтін және оның негізін құрайтын көңіл-күй жиынтығы қарым-қатынастан туындайды. Мінекей, осындай ғалымдардың айтқанынан-ақ білуге болады.
Тұлғааралық қарым-қатынас - қарым-қатынастар арасындағы өзара әрекеттестікте қолданылатын мінез-құлық ережелері, өзара күту және хабарламалар деуге болады. Қарым-қатынас вербалды және вербалды емес алмасу процесі болып бөлінеді. Вербалды қарым-қатынасқа ауыз екі немесе жазбаша сөйлесуді жатқызамыз. Оның тереңіне баратын болсақ, хат алмасу, диалог, монолог, іштей сөйлесу деген секілді хабарламаларды жатқыза аламыз. Ал вербалды емес қарым-қатынасқа мимика, сонымен қатар дауыс ырғағы, проксемика, ым-ишара және дене қимылы сияқты вербалды емес хабарламаларды да білдіреді. Бұған көп сигнал беретін қас, ерін, мұрын бет бейнелері жатады.
Тұлғалық дамудың негізі ретінде тұлғааралық қарым-қатынас өте маңызды. Қоғамда жалғыз жүрген адам және тұлғааралық қарым-қатынаста жүрген адамды салыстырған сәтте тұлғааралық қарым-қатынаста жүрген адам тұлғалық дамудың негізі ретінде қарастырылады. Осы қарапайым мысалдан-ақ, тұлғалық дамудың тұлғааралық қарым-қатынаста маңызды екенін түсінеміз.
Қорытындылай келе, тұлғааралық қарым-қатынас адамзат өмірінде басты рөл ойнайды. Тұлға қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды және дамып, өспейді. Оқытушымның өткен дәрістерінен біраз ақпарат алып, зерттелген жұмыстарға көз жеткіздім. Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде деп нық сеніммен айта аламын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шамшадинова Мөлдір Жеңісқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым