Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Түйіндесу

Карасаева Сауле Мадеткызы
3 мин оқу 437 оқылым

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: графика және жобалау

Сынып: 11 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі :ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары

Сабақтың тақырыбы: түйіндесу

Бастапқы білім: оқушылар  геометрия сабағынан кесінді, шеңбер,доға,хорда сияқты ұғымдарын біледі.

Оқыту мақсаттары: 11.1.4.2. Овал, қисық сызықтар және әр түрлі түйіндесу сызбаларын орындау тәсілдерін көрсету

Сабақтың мақсаттары:сызбада түйіндесуді орындау тәсілімен танысу және орындау

Бағалау критерийлері:

-Түйіндесу ұғымымен және оны орындау тәсілімен танысады;

-Тәжірибелік жұмысты орындайды.

Тілдік мақсаттар

Термин сөздер:   түйіндесу, түйіндесу орталығы,түйіндесу нүктесі,көмекші доға, көмекші түзу, сырттай түйіндесу,іштей түйіндесу, аралас түйіндесу

Дифференциация:   тапсырманы таңдау бойынша саралау- өзіндік жұмыс жасауға берілетін тапсырмада оқушылар мұғалім ұсынған 3 сызбаның ішінен өзінің таңдаған сызбасын орындау мүмкіндігі беріледі.

Жұмыс ырғағы бойынша саралау- оқушылар тапсырманы әртүрлі қарқында орындайды.

Пәнаралық байланыстар: геометрия- оқушылар геометрия пәнінен игерген ұғымдарды қолдана отырып, сызбаны орындайды.

Құндылықтарды дарыту: серіктестік, жауапкершілік құндылығы- оқушылар шағын топтарда немесе жұптарда серіктесіп, жауапкершілік танытып біріге жұмыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары: қосымша ақпаратты іздеу және оларды таңдау арқылы АКТ-ны дағдылары жетілдіріледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы: ноутбукпен жұмыс жасау кезінде ұқыпты жұмыс жасау керектігін айтамын.Сонымен қатар сызбаны орындау кезінде арқаны жұмыс үстеліне түзеп отыру қажет екендігін ескертемін.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы: Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп аламын.

Миға шабуыл: ұсынылған суреттерде нені көріп тұрсыздар? Олардың арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Оқушылармен біріге бағалау критерийлерін анықтауға тырысамын (3 минут).

Пішінінде түйіндесу элементтері бар бұйымдар

Сызба практикасында бір түзуден келесі түзуге немесе доғаға (кері) біртіндеп өтетін сызықтардан тұратын сызбаларды орындауға тура келеді.Бір сызықтың екінші сызыққа біртіндеп ауысуын түйіндесу деп атайды.

Пішінінде түйіндесу элементтері бар бұйымдар

Пішінінде түйіндесу элементтері бар бұйымдар

Түйіндесуді сызған кезде бір сызықтың аяқталып, келесі сызықтың басталу шекарасын анықтап алу, яғни сызбадан түйіндесу (жанасу) нүктесі деп аталатын бір сызықтан келесі сызыққа ауысу нүктесін табу керек.

Екі параллель түзудің түйіндесуін орындау үшін осы түзулерге ортақ жанасатын доға сызу қажет.Бұл доғаның радиусы түзулердің арақашықтығының жартысына тең.К және К1 түйіндесу нүктелерін анықтау үшін түзулерге перпендикуляр түсіріледі, ал түйіндесу орталығы О КК1-дің дәл ортасында жатады. О орталықтан берілген радиуспен доға сызып К және К1 нүктелерін түйістіреміз.

Параллель түзулерді түйіндестіру

Кейін оқушылар бұрыштарды,екі шеңберді, шеңбер мен түзуді түйіндестіру бойынша слайдтарды түсіндіремін (10 минут).

Бұрыштарды түйіндестіруШеңбердің сырттай түйіндесуіШеңбердің іштей түйіндесуіШеңбердің аралас түйіндесуіТүзу мен шеңбердің түйіндесуі бойынша тапсырманың сызбасы

1 тапсырма:

11 слайдта а немесе ә нұсқасындағы шеңбер мен сызықтың түйіндесу жұмысын орындаңыз.

Түзу мен шеңбердің түйіндесуі бойынша тапсырманың сызбасы

Дескрипторлар:

  • А4 форматындағы рәсімделген қағаз бетіне сызбаны орындайды;
  • Сызбаны формат бетінде пропорцияны сақтай отырып орындайды;
  • Сызбаны орындауда сызықтарды орындау ережелерін ұстанады;
  • Сызбаны суретте берілген өлшемдерге сәйкес сызады;
  • Түйіндесуді дұрыс орындайды;
  • Сызбаға өлшемдерді түсіреді;
  • Жұмысты таза орындайды.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушыларға өз жұмыстарын көрсетулерін сұраймын.

2 тапсырма:

16,17,18 слайдтарда берілген бір бұйымның сызбасын орындаңыз.

Бұл тапсырманың дескрипторлары бірінші тапсырманың дескрипторларымен бірдей.

1 бұйым 2 бұйым3 бұйым

Бұл тапсырманы оқушылар сабақтың барысында бастап үлгерулері мүмкін. Оқушылар бұл жұмысты өз беттерінше орындап,тексертеді (21 минут).

Сабақтың соңы

Бағалау. Оқушыларға сабақтағы материал бойынша шағын 5 сұрақтан тұратын тестілеуден өтулерін сұраймын.  Кейін оқушылармен біріге сұрақтарды талдаймын. Сабақтың мақсатына оралып, оқушылармен оны қаншалықты оны орындай алғанымыз бойынша өз жұмысымызға талдау жасаймыз. Сабақтың мақсатына оралып, оны қаншалықты орындай алғанымыз бойынша кері байланыс беремін (6 минут).

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Карасаева Сауле Мадеткызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 72 оқылым