Мазмұнға өту

Туған жерім Түркістан

Қосай Ақерке Темірханқызы 2 мин оқу 58 оқылым

Расында да туған жер қай адамзатқа болса да ыстық болып келеді.Өйткені кіндік қаны тамған жер, талайлардың өмірі озған жер болып табылады. Ал табиғатын айтсаңызшы... Табиғат дегенде тылсымы ерекше Түркістан қаласы мен үшін тамаша.. Себебі , осында туылдым, таныдым , мектеп табалдырығын да аттадым. Мұндағы табиғат пен таң қалдырар өлке табиғаты өзінше ерекше. Ерекше деп айтуымның да өзінше себебі бар. Тарих толқынында түрлі жағдайларда сынға түсіп, ғұламалар мекен еткен мекен болып табылады. Аймақта орналасқан тарихи –мәдени ескерткіштер кешегі әдебиет пен мәдниетті тануға мүмкіндік береді. Тарих және әдебиет сабақтарында ұстаздар Түркістан тарихы туралы мәліметті көптеп айтады. Ол жайында әрине біздің де білгіміз келеді. Көп нәрсені тани келе туған жер жайында жан-жақмы мәлімет ала аламыз әрі қанық боламыз. Айтар болсам, туристер таңдай қағып келетін Қ.А.Яссауи кесенесі. Тарих бетін ақтара ашып оқысам өз заманындағы сәулет өнерінің негізгі қажетін өзіне жинаған құрылыстың бірі болып табылады екен. Жамағатхана, қабырхана мешіт және кіші Ақсарай , асхана, кітапхана, құдықхана секілді бөлмелері бар. Сонымен бірге Түркістан тарихи мемориалды музейі бар.Түркістан өзіне талайлардың тамырын тартып, қазіргі кезде таңғажайып жетістікке жеткен үлкен қалалардың бірі. Себебі мұнда сырттан қаншама туристер, қонақтар келеді. Келіп қана қоймай таңғажайып құрылысына таң қалып, тыныс-тіршілігімен танысады. Екінші Мекке атанған қасиетті Түркістанға зиярат етушілердің саны күн санап өсіп келеді. Кейінірек Яссы атанып бүгінде қаламыз қасиетті Түркістанға айналған. Қаланың екі мың жылдық тарихы бар дейді. Зерттеулер де көп. Бәріне мұқият қараймын.Жан-жақты оқимын. Себебі түрлі деректер түрлі көзқарастарға алып келеді. Қазір біраз тарихи жерлер өзгеріске түскен дейді ұстаздардың айтуынша . Археологтар зерттеу жүргізіп, біраз зерделенген. Нәтижесінде біраз ғылыми жағалықтар ашылған. Біраз дүниелерге көз жеткізген. Айтар болсам сөзімнің дәлелі ретінде20-ға жуық зерттеулер жасалған екен. Әр зерттеудің өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан да өскенде тарихшы не археолог болсам деймін. Біз сияқты оқушыларға түсінікті әрі нақты болу үшін зерделегім, терең білгім келеді.

Ия, шынымен де менің өлкемнің табиғаты түнған тарих сияқты. Болашақта мен сияқты қызығып қарайтындар болса жан-жақты ізденетін дүние көп секілді. Бүгінде тағы алып қарағанымда қаланың шет жағы да зерттеушілерді қызықтырып отырған секілді.Қазылып жатқан жерлер көп. Сонымен бірге Түркістанды ұлы қала деп те атайды делінген. Мұнда түсінгенім ұлы деуінің себебі, үлкен ғалымдар, ғұлама даналар жатқандықтан деп түсінемін. Осындай киелі, көрнекі , таза, рухани қалаға айналған үлкен мекенде дүниеге келгенімді , өмір сүріп жатқанымды мақтан етемін.Мақтанышыма өзім сияқты құрдастарым да келіседі деп ойлаймын. Жоғарыда рухани әңгіме жайында айтып қалдым.Себебі, қазіргі таңда ұстаздар қауымы бізге рухани бай болыңдар деп жатады. Соның себебім терең білгім келіп, ұстазыма тіл қаттым. Ұлылырдың ұлы жолын қуып келе жатқан ұрпақтар жан-жақты өркендей алуы тиіс деді. Демек менің түсінгенім рухани бай болған жағдайда жоғары деңгейде өсе аламыз. Болашақта түзу жолда дұрыс жоспарлар құра аламыз. Мұның бәрі мен үшін туған өлкеме деген құрметтің бір бөлігі деп түсініңіздер.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Қосай Ақерке Темірханқызы

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Туған жерім Түркістан

Расында да туған жер қай адамзатқа болса да ыстық болып келеді.Өйткені кіндік қаны тамған жер, талайлардың өмірі озған жер болып табылады. Ал табиғатын айтсаңызшы... Табиғат дегенде тылсымы ерекше Түркістан қаласы мен…

Қосай Ақерке Темірханқызы 21 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин