Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Туған жерім - Қызылорда

Қалдыбаева Гүлназ Сейдахметқызы
3 мин оқу 808 оқылым

Қалдыбаева  Гүлназ  Сейдахметқызы

Мақсаты:  Балаларды 1- қыркүйек білім күнімен таныстыру. Балалардың тіл байлығын, ой - өрісін дамыту. Өз туған еліне, жеріне балабқшасына деген сүйіспеншілігін ояту. Туған жері -Қызылорда жайлы толық түсінік беру. Қызылорданың әдемі жерлерімен таныстыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші:       Шаттық шеңбер.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн достарым.

Тәрбиеші:

                          Көк байрағым көк жүзінде қалқыған,

Әнұраным әуелеген, шалқыған.

Бес құрлыққа елдің атын паш еткен,

Елбасы да өткен ұстаз алдынан.

Гимнді орындау

-Балалар кеше Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойладық, Қазақстан рәміздері жайында білім алғанбыз,ендеше есімізге түсірейік.

(Сурет бойынша түсіндіру)

Қазақстан Республикасының рәміздеріне ту,  елтаңба гимн жатады. Балалар біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан Республикасының елордасы- Астана қаласы.

-Балалар, біз қай қалада тұрамыз?

Қызылорда қалалсында тұрамыз

-Біздің балабақша қалай аталады?

«Сыр самалы» балабақшасы

Тәрбиеші:  Балалар бүгін балабақшада үлкен мереке. Жадыраған жазда аяқталып, жомарт күзде келді.Бүгін  күздің алғашқы күні 1- қыркүйек білім күні. Бұл ата -аналар үшін де, балалар үшінде, тәрбиеші үшін де қуанышты күндердің бірі. Бұл күні алғаш қоңыраудың үні естеліп барлық мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда оқу қызметі басталады.

Білімді,оқымысты ғалым болуды барлығымыз да   армандаймыз. Білімді болу үшін тәрбие, өнеге, білім, ізденіс, талап керек. Сол себепті балалар сендер барлық ынта - талаптарыңды оқу қызметіне арнауларың керек

Тәрбиеші:           

Кел балалар оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңдар балалар.

Шамнан  шырақ  жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!

(Ы. Алтынсарин)

Ғажайып сәт:

Топқа ойыншығын алып Жалқаубек кіреді, балаларды ойынға шақырады сыртта ауа - райы тамаша екенін айтады.

Тәрбиеші: Жалқаубекке жаз мезгілі өтіп, ойындардың бәрі артта қалғаны, күз мезгілі келгенінің. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні білім күні. Барша балалар оқу қызметіне қайта оралып, ойынды азайтады деп.

 1- Қыркүйек білім күні туралы түсінік береді

Сәлем, достар, балалар!

Жаңа білім күнімен!

Білім күні - мереке,

Ән салсам да әдемі.

Туған тілім - береке,

Сөз арнасам кәделі!

Жанель: Шырылдаған тыным алмай

Қоңыраудың үні қандай,

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып білім алмай.

- Балалар біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында тұрамыз

-Ал біз қай қалада тұрамыз?

-Қызылорда қаласында тұрамыз

Енді біз осы Қызылорда қаласымен толығырақ танысып  өтсек.

Балалар қызылорда қаласында әдемі жерлер өте көп.  Балалар мынау «Сыр Ана » кешені. «Сыр Ана» кешені балалар сонау қиын қыстау кезеңде Сырдарияға келген адамдардың бәріне пана, алғаш ана болған. Сан ұлт пен ұлысты жатсынбай  бауырына басқан  қасиетті Сыр Ана деп атап кеткен екен.Сыр өңірінің ерекшелігін айқындайтын  бқл кешеннің басында сәукеле киген, мың бұрала самал желмен тербетілген ананың бейнесін көруге болады. Сыр Ананың  ұзындығы -39 метр.

Ал бұл балалар Қорқыт ата ескерткіші. Биіктігі 8 метр. Төрт жақа қарап тұратын шөміш пішіндес, қобызға  ұқсас стела бар. Жел соққан кезде бұл жерден қобыз сарынымен  үндес дыбыс шығады.

Ал бұл балалар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы саябақ. Бұл жерде кешкісін балалар ата-аналарымен бірге демалуға баратын ең тамаша әрі әдемі жерлердің бірі.

Тәрбиеші:

-   Жалқаубек бүгін қаңдай күн?

  • 1- қыркүйек білім күні.
  • Бұл күні балалар оқу қызметіне оралады.
  • 30 - тамыз қаңдай күн болды ?
  • 30 – тамыз Конституция күні.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер бүгінгі

1- Қыркүйек білім күні құтты болсын !

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қалдыбаева Гүлназ Сейдахметқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым