Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Туған өлкем"

Камила
3 мин оқу 658 оқылым

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Менің туған өлкем»

Мақсаты: туған өлке туралы білімдерін кеңейту.

Білімділік: балаларға туған өлке туралы терең білуге үйрету, оның ерекшеліктері мен табиғаты туралы білімдерін арттыру.

Дамытушылық: сөйлеуін, тіл байлығын,  шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Туған жерінің табиғатына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  Қазақстан картасы, Маңғыстау өңірін бейнелейтін сиқырлы шар, интербелсенді тақта, табиғи түйе жүні, желім

Сөздік жұмыс: өлке, өңір, қиыр шығыс, күйреуік, жантақ, сүттіген, адыраспан, итсигек, сарүйек, ешкемер, қоқиқаз, торалақаз, қорытпа

Билингвальды компонент: өлке-край-region, қиыр шығыс- дальний восток-far east

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

 

Мотивациялық

қозғаушы

Ұйымдастыру.

Тыныштық сәті:

(үнтаспадан теңіздің толқынын, аққу, шағалалардың дыбысын тыңдау)

-Балалар, бұл ненің дыбысы?

-Теңіз толқынының дыбысын ести отырып, өзіңізді қайда тұрғандай сезіндіңдер?Теңізге жылдың қай мезгілінде шомыласыңдар?

-Қандай құстың дыбысын естідіңдер?

-Шағала қандай құс? Үй құсы ма, әлде дала құсы ма?

- Балалар, біздің өлкемізде қандай теңіз бар?

-Дұрыс айтасыңдар, Каспий теңізі.

Балалар үнтаспадан әуен тыңдап, теңізге саяхаттайды.

-теңіз толқынының дыбысы.

-теңіз жағада.

-жаз мезгілінде шомыламыз.

-шағаланың дыбысы.

-Дала құсы.

-Каспий теңізі

Іздену-

ұйымдастырушы

Картамен жұмыс.

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Біздің бас қаламыз қалай аталады?

-Жарайсыңдар! Астана Орталық Қазақстанда орналасқан.

-Біз Қазақстанның  қай қаласында тұрамыз?

-Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтыңдаршы?

-Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз  «Менің туған өлкем».

- Біз Маңғыстау облысында, Жаңаөзен қаласында тұрамыз. Біздің туған өлкеміз - Маңғыстау өңірі. Қазақстан Республикасында 14 облыс бар.

өңір-өлке, аймақ, туған жер

өлке-край-region

(слайдпен жұмыс)

Маңғыстау облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-қиыр батысында орналасқан.

қиыр-шет, алыс

қиыр шығыс-дальний восток-far east

Маңғыстау облысы- Атырау облысы, Түрікменстан, Өзбекстан , Каспий теңізі арқылы Иран, Азербайжан елдерімен шекаралас. 1973 жылы 20-наурызда құрылды. 1990 жылы 17-тамызда тарихи «Маңғыстау» деген атау берілді. Қазақстандағы жалғыз теңізбен байланысқан су бекеті, Ақтау Халықаралық теңіз сауда порты. Маңғыстау жері топырағы сортаң, өсімдігі-бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғарлы, ылғалы аз, көктемі созылмалы континентті шөл далаға жатады.

Өлкеміздегі Қызыл кітапқа енген жануарлары: кесіртке, кірпі, дала тасбақалары, сарүйек, жыланбас, ешкемер, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр.

сарүйек, ешкемер

Өңіріміздегі құстарға тоқталатын болсақ: қарға, шіл, қарлығаш, қарабауыр, шағала, қасқалдақ, қоқиқаз, аққу, үйрек, торалақаз.

қоқиқаз, торалақаз

Таулы Үстіртте: арқар, қарақұйрық, киік.

Аймақтағы өсімдіктер: теріскен, күйреуік, жантақ, сүттіген, адыраспан, итсигек.

күйреуік, жантақ, сүттіген, адыраспан, итсигек.

Каспий теңізіндегі балықтар: бекіре, қорытпа, теңізжылан, кефаль, майшабақ, бұзаубас.

қорытпа

Сергіту сәті:

Гүлге оранып сәулетті көшелерім

Самалымен сауығып, өсер елім!

Өлкемізді сүйеміз, көркемдейміз,

Қайратты боп өсеміз, өркендейміз!

Ғажайып сәт:

(Бақташы атайдың жолдаған бейнехабарландыруы).

-Балалар,  барлығымыз бірлесе  бақташы атайға көмектесейік.

Ұжымдық жұмыс:

Балалар екі топқа бөлінеміз, бірінші топқа  табиғи түйе жүнімен желімнің көмегі арқылы түйені бейнелеуді, екінші топқа триз әдісі арқылы асықтың көмегімен ботаны бейнелеуді ұсынамын.

Балалар мұқият тыңдап отырады.

- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Астана қаласы.

-Жаңаөзен қаласында.

Балалар Отан туралы, туған жер туралы мақал-мәтел айтады.

Балалар мұқият зейін қойып тыңдайды.

Балалар қайталайды.

Интербелсенді тақтадан көреді.

Балалар қайталайды.

Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар көгілдір экран арқылы

Бақташы атайдың жолдаған бейнехабарландыруын тамашалайды.

Шығармашылық жұмысқа белсене қатысады.

Рефлексті-

коррекциялаушы

Қорытындылау.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы шар»

Ойынның мақсаты: балаларды туған өлке табиғатымен таныстыру. Оларға қамқор болуға баулу.

Ойынның шарты: балалар глобуста бейнеленген Маңғыстау өңірінің табиғатына тән нәрселерді жапсырады.

-Бізде бүгін қандай оқу қызметі болды?

-Бүгінгі оқу қызметінде не туралы әңгімеледік?

-Біз кімге көмектестік?

-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Жарайсыңдар, балалар! Барлығыңыз оқу қызметке белсенді, өте жақсы қатыстыңдар! Сендерге  көп рахмет!

Ойынға жаппай белсене қатысады.

-Қоршаған ортамен танысу.

-Маңғыстау өңірінің табиғатымен, құндылықтарымен таныстық.

-Бақташы атайға көмектестік.

Балалар шаттанып, қуанады.

Күтілетін нәтиже: туған өлке табиғатымен танысты;

Білуі керек: өздерінің туған өлкесінің құндылықтары туралы әңгімелеуі;

Түсінігі: туған өлке-Маңғыстау өңірі туралы;

Меңгеруі: Отан, туған жер туралы тақпақ, мақал-мәтелдер.

Жаңаөзен қаласы. "Рахат бөбекжай-бақша" тәрбиешісі: Якудаева Камила Каржаубаевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Камила

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Жаңа технологиядардың адам өміріне әсері

Мәтінде жаңа технологиялардың адам өміріне ықпалы қарастырылады. Әлеуметтік желілер, медицина, онлайн білім және роботтардың пайдасы сипатталады.

Камила 1 мин 130 оқылым
Жалпы рубрика

Катон - Қарағай

Қатон-Қарағайдағы пантымен емдеу тәсілдері: панты ванналары, фитобочка, ингаляция және шөп медицинасы туралы қысқаша мәлімет.

Камила 1 мин 36 оқылым
Жалпы рубрика

Проблема излишнего потребления чистой воды и пренебрежение санитарными условиями

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне арналған ашық сабақта таза суды шамадан тыс тұтыну, санитария және су ресурстарын үнемдеу жолдары талқыланды.

Камила 3 мин 25 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым