Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Торғай қазақтың Ленинграды

Автор

Қалдыбаева Балғын Қайратқызы
3 мин оқу 42 оқылым

Сонау ықылым заманнан бері қай халықты алып қарасақ та, сол елдің өсіп-өркендеу жолында баспасөз маңызды рөл атқарғанын аңдаймыз.Тасқа  қашалып жазылған әрі сарғайған парақтардағы алтын  жазулардың құны мен мәні ешқашан жоғалмайды. Бұл пікіріме тарихымыздан белгілі қазақтың Ленинграды атанған «Торғай» газеті дәлел бола алады. Торғай газеті 1895 жылдан бастап шығып, 15 жыл сын сағатта ұлы киелігі арқылы халық алдындағы өз мақсатын орындады.  Яғни,  дәл осы күні дүниеге барша қазақтың  жоқтаушысына айналған «Торғай» газеті келді.  Сан мәрте ақсап барып, жүрелей жүріп орнынан қаз тұрып кеткен бұл газеттің редакторы  Ә. Балғынбаев болды.Оның басты мақсаты  қаймана қара қазағын өрге сүйреп, ойраны шыққан ордасын қайта тігіп, мемлекеттік түсінікті халықтың  санасына ұялату болды. Тек қана басшы болып басқарып отырмады, газет беттеріне халық санасына ой саларлық мақалалар жариялап, тіпті, орыс тіліндегі материалдырды қазақ тіліне аударған.

Ауылдарда мектептер ашу, сауатсыздықты жою мәселелерімен айналысқан Ә.Балғынбаевтың бастамасымен ашылған бұл газетте қандай мәселелер көтеріліп, қандай ақпараттар айтылды? Мысалы, оның осы газеттегі алғашқы қызметі «Қарабұтақтағы қыздардың орыс қазақ училищесінің ашылуы» мақаласынан бастау алды.Бұл мақаласы арқылы  Ә. Балғынбаев біріншіден, қазақ қыздарының білім алуын, оқып, білім үйренгенін қалайтындығын айтса, екіншіден әйелдердің теңсіздігі жайлы өзекті тақырыпты қозғайды. Торғай өңірінде орыс-қазақ қыздар училищесі, сол сияқты қол өнер училищесі де жастарға білім берген. Оларда Ахмет Балғынбаев ұстаздық еткен. Сол 1895 жылдың өзінде Торғай өңірінде көптеген ауылдық мектептер жұмыс атқарып, халыққа білім берумен айналысқан екен. Сонымен қатар барша халыққа пайдалы материалдар араб әліптерімен қазақ тілінде жарияланып тұрады. Ащы шындықтарды, саяси мақаларды  әзілмен түсіндіре алатын фельетон мен  әдеби материалдар жарияланып отырды. Дәлел ретінде  «Тургайская газетаның» 1904 жылғы 48-санынан бастап  Ә.Балғынбаевтың бастауымен жарияланған «Қырғыз (қазақ) тұрмысының очерктері қазақ қоғамындағы тозығы жеткен әдет-ғұрыптарды, денсаулық сақтау ісіндегі кемшіліктерді, қазақтардың тұрмысы мен қиындықтарын фельетон жанры арқылы қазақ еліне паш етті. Өткенге көз жүгіртсек, қазақ тіліндегі мақалаларды жариялау осы "Торғай" газетінен бастау алаған десем еш қате айтпағаным. Бұл газетте біздің алып тұлғаларымыз, ұлы ақындарымыз жайлы қаншама деректемелер жазылды.

Дана ойлы Ғафу ақын «Торғай қазақтың Ленинграды» деп міне, бекерден бекер айтпаса керек. Газеттің 58 санындағы бір мақалада Торғай губерниясы бойынша А.А. Кравсцев және тағы басқаларының бастауымен кедей, мұқтаж жандарға көмектескені жайлы, қоғамда болып жатқан індетпен барынша күресу жолдары баяндалады. «Торғай газеті»  көбінесе ел мен жердегі байлықты, ел тірлігін, бейбіт өмір сүру керек екендігін жазған. Ресейдің  кем-жақсылықтарын насихаттай отырып, отарлау саясатын тереңнен жазу болған. Өткен  ғасыр басында ұлт мұраты, ел мүддесі қатаң сынға түскен кезең болғандықтан, сол тұстағы зиялы қауым өкілі қазақ жұртының да өркениетті елдердегідей сауатты болуын қалап, ең бірінші ұйқыға кеткен қоғамның саяси сауатын ашуға белсене кіріскен болатын. Осы бағытта ұлттың жоғын жоқтайтын, ұлттық идеяны, бостандық пен еркіндікті насихаттай алатын баспасөздің рөлі ерекше сезілген еді.

Қорытындылай келе айтарым, ел бірлігі сыналар тұста «Торғай газеті» халыққа демеу бола алды, қазақтың мүддесін қорғауда аянып қалмады. Дәл осы газет мірдің оғындай өткір сөздерімен қазақтың санасын оята алды, ел тәуелсіздігі мен дербестігі үшін шырылдады. Міне, сол себепті тарихтың талай дүрбелеңін басынан кешірген бұл газет халықтың жаншылып біткен ауыр бейнесін, қайғы мен мұңға, өкінішке толы ауыр халін газет беттеріне түсіру арқылы, дәл осы сынаққа толы қиындықтан шығу жолын іздеді. Жылдар бойғы езгіден қажып, рухани қалжырай бастаған қазақ даласында ұлттың еңсесін көтеруге үндейтін, ұлттық идеяны насихаттайтын «Торғай » секілді газеттер біздің мәңгілік рухани азығымыз болып қала береді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қ.Бекхожин “Қазақ баспасөзінің даму жолдары”
  2. Қ.Бекхожин “Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі” (1860-1958) Алматы “Мектеп” 1981
  3. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 бет

Қалдыбаева Балғын Қайратқызы

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Журналистика факультеті "  1 – курс

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қалдыбаева Балғын Қайратқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин