Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Шапағат
2 мин оқу 60 оқылым

Төрелік және медиация

Кейде қоғамда нақты, сараланған заңдар арқылы шешімі табылмайтын оқиғалар болады. Мұндайда олардың орнына баламасы қолданылады. Яғни төрелік пен медиация.

Төрелік көбіне жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастантуындаған дауларды шешуге бағытталған. Дау субъектісі мемлекет ішінде немесе одан тысқары болуы да мүмкін. Ал төрешілер немесе төреліктер өздеріне берілген азаматтық дауларды шешу кезінде тәуелсіз болады, яғни төрелік қызметіне қандайда бір мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды араластырмауға құқылы. Елімізде арнайы Төрелік палатасы жұмыс істейді. Бұл коммерциялық емес ұйым. Ол - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен төрелік қызметін іске асырады және төрелікті ынталандыру және оларға қолдау көрсету, қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылған бірлестік.

Төрелік заңға сәйкес, дауға араласатын, оны жеке-дара шешетін төреші заңды білуге тиіс. Дауды алқа боп шешкен жағдайда да құрамда тағайындалған төрағаның жоғары заң білімі болуы керек.

Медиацияның төреліктен айырмашылығы – медиацияның көмегімен  дауласқан тараптар жанжалды келіссөз арқылы өздері шеше алады. Яғни медиация – туындаған дауға үшінші тараптың, медиатордың араласуы. Медиатордың міндеті – дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуге септігін тигізу және ол жанжалдасқан немесе келіссөзге келе алмаған екі тараптың да өкілі емес, тәуелсіз келіссөз жүргізуші. Медиацияда да медиатордың жұмысына ешкім араласпауы керек және медиатор көмегімен жүргізілген әр іс құпия сақталады. Егер дауда тараптар келісімге келе алмай жатса немесе мүлде келісімге келмесе медиатор ол істен бас тартуға құқылы.

Медиация тек Қазақстан аумағында ғана емес, сыртқы істерде де жиі қолданылады. Халықаралық келіссөздер кезінде шартты даулар туындаса, оны бітімгерлік жолмен шешу үшін осы Медиация заңы көмекке келеді.

Медиацияның тағы бір ерекшелігі – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты назарда ұстайды. Мұнда соттағыдай кінәлілер мен кінәсіздер ұғымы болмайды. Атап айтқанда, медиация абайсызда жасалған қылмыстық істерді сотқа жеткізбеуге тырысады.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті з,ғ,к Атаханова С.К
Заң факультетінің студенті Нұрдаулет Шапағат Нұржанқызы 404-топ

Авторлары
Атаханова Салтанат КарибаевнаНұрдаулет Шапағат Нұржанқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Шапағат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 15 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 73 оқылым