Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тоғызқұмалақ ойынының алғышарттары

Жусупов Ғабит
3 мин оқу 676 оқылым

Жусупов Ғабит

Сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының алғышарттары
Мақсаты:
* Тоғызқұмалақ ойынын үйрету, білімін тереңдету. Қосымша тапсырмалар беру.                                                                                                                                                 Күтілетін нәтиже:
* Ойнау дағды біліктілігін жетілдіреді, өткен ұғымдарды жаңғыртады.
* Ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді құрметтей  білуге үйретеді                                                                                     * Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелерін біледі.                                                                     Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.
Әдіс-тәсілдері: Теориялық білімді іс жүзінде көрсете отырып жүргізіледі.
Көрнекіліктер: Тоғызқұмалақ ойын тақталары.
Сабақ барысы: Жер ғаламшарындағы ең үздік логикалык 103-ойынның көшін бастаған, әлемдік мәдениеттің кез-келген үлгілерімен бой теңестіре алатын 4 мың жылдық тарихы бар зияткерлік ойын, ұлтымыздың озық рухани мұрасы, Қазақ халқының ілкі тектерінен бастап, сақтар, ғұндар, көктүріктердің қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан ұрпақтар үндестігінің рухани көрінісі болған Тоғызқұмалақ ойыны еліміздің ең басты – интелектуалдық қазынасы. Көшпелілер алгебрасы атанған осы ойынға деген әлем халықтарының қызығушылығы күннен-күнге артып келе жатқаны айқын байқалады. Осыған дейін екі әлем чемпионаты, үш рет азия чемпионатының өтуі осының айқын дәлелі іспетті.
Ойын маңызы: Көшпелілер алгебрасы атанған бұл ойын оқушының ой өрісін кеңейтеді. Логикалық ойлау тереңдігін жетілдіреді. Тез уақытта ойын комбинациясына сәйкес стратегиялық шешімдер қабылдай білуге баулиды.
Математикалық амалдарды терең түрде игертеді.
Негізгі ұғымдар:
Құмалақ,қазан, отау, жұп, тақ.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойынында барлығы 162 тас болады. Және сол тастар он сегіз отауға тиісінше орналасып отырады. Тағы бір ерекше ұғым ол қазан. Әр ойыншыда бір қазаннан болады. Сонда барлығы екі қазан. Сол қазанға сексен екі тасты жинай білген ойыншы тиісінше жеңіске жетіп отырады. Ойынның бас кезінде әр отауда тоғыз тастан болады. Сол тастарды өсу ретіне қарай жүріп отырады. Егерде соңғы түскен тас жұп болса ол отауды алып отырады. Сонда ойында әр жүрісті мұқият есептеп отыру шарт. Егерде тастар саны 81=81 болып тең болса онда ойын тең аяқталған болып саналады.
Отау атаулары. ( Ақшораев үлгісі бойынша)
1-отауды «Құйрық» не болмаса«Арт» дейді. Себебі,ондай құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады.
2-отауды «Тек тұрмас»дейді, себебі жүріс көбінесе осыдан басталады.
3-отауды «Ат өтпес»деген. Оның себебі қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.
4-отау-«Жаман үй»,өйткені қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады.
5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.
6-отауды «Сары дала»деп атаған, себебі бұл жүріске де, тұздық алуға да ыңғайлы.
7-отау-«Қосан жылаған». Бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше реет тұздық отырғызыпты, соғанызаболыпжылапты-мыс.
8-отауды «Көкмойын»дейді. Мұнда да көптен көп тұздық алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді.
9-отауды «Аққасқа»дейді. Себебі бұл шұңқырда құмалақ көп жиналады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ қарсыжақтың отауына түседі, бірден ноғанаттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады.
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Қостаушы қазаны (0)
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Бастаушы қазаны (0)
отаулар №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
Білімді бекіту:
*Тоғызқұмалақ ойынын қалай атаған?
*Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері қандай?
*Отау дегеніміз не?
*Қазан дегеніміз не?
*Бастаушы, қостаушы дегеніміз не?
*Ойындағы отау атаулары қандай?
Үйге тапсырма: Оқушыларды үйірмеге қатыстыру.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жусупов Ғабит

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым