Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алтынай
2 мин оқу 76 оқылым

Жиырма бірінші ғасырда тілдің мәртебесі жоғарылады деп айта алмаймыз. Орыс тілді қазақтардың тілді шұбарлауы, басқа тілден енген сөздермен араластыра сөйлеуі көңіл қынжылтады. Ұлы кемеңгер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтпақшы: «Әлемдегі ең асыл тіл- араб тілі, содан кейін- түрік тілі. Ал сол тілдердің ішіндегі гауһары– қазақ тілі»,- деген екен. Ойлап қараңызшы, қазақ тілін– тілдердің ішіндегі гауһарға теңеп отыр.

Ал біз сол асыл құндылығымызды бағалап отырмыз ба? Тіліміздің тарихында ата-бабамыздың ұлттық болмысы, рухы, дәстүрі мен салты жатқан жоқ па? Неге біздің жастар тілдің қасиеттілігі мен маңыздылығын ұғар емес? Талдап көрелік.

Басты себеп– «трендтен» қалыс қалғысы келмеген болса керек. Кез-келген әлеуметтік желіні немесе порталдар мен сайтты ашып қарасақ, бірден орыс тілді мақалаға көзіміз түседі. Күнделікті өмірде адамдармен «қазақша сөйлеп тұрмыз» дегеннің өзінде орыс немесе басқа тілдің сөздерін қолданамыз. Банкоматтарда “орыс тілін” таңдап, дүкенге кіріп қажет затымызды сатып алу үшін орыс тілін пайдаланамыз. Әсіресе, жастар. Жас буын барынша елден ерекше болып, жаңа ортаға әсер қалдырғанды қалайды. Олар қазір соңғы трендтердер қалыс қалғысы келмейді. Салыстырмалы түрде алар болсақ, бұл да дәл соңғы үлгідегі «айфонды» алғанмен бірдей. Қалтаңдағы жиған-терген ақшаңа телефон аласың. Соңғы ақшаң болса да, бастысы «сәндесің».

Тілдің мәселесін де осылай шешсек қайтеді деген ой келеді. Бірден-бір шешім– қазақ тілін «трендке» айналдыру. Өзгеден емес, өзімізден бастау қажет. Ортамызда қазақша сөйлеп, басқалардан да соны талап ету. Әрине, бәріне бірдей талап қоя алмайсың, дегенмен, өзің сөйлеп не жазып бастасаң, басқалардың да қысылмай сөйлеуіне мүмкіндік бересің, жағдай жасайсың. Тренд қалай пайда болады? Трендтің басты қаруы– әлеуметтік желі. Әлеуметтік желіде қазақша сөйлеп, қазақ тілді шрифт қолданып жүрсек, аудиторияның көзі де, құлағы да үйренеді. Оны көрген жас буын көргенін қайталайды, үлкендер қазақ тілінде жазылған посттың түпкі мақсатын түсіне бастайды. Бірте-бірте көзі үйренген оқырманның арқасында ана тілімізді қолданатындардың саны артады. Солайша, «вирус» сияқты көз ілеспес жылдамдықпен таралатын тренд қатарына бұл да қосылады. Бұл туралы талай рет айтылып келе жатқаны да жасырын емес, ал сол айтылған нәрсені ұғатын құлақ болса шіркін..

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алтынай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«АҚЫЛ-ОЙ КЕМІСТІГІ БАР БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САНАЛЫ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

Мақалада ақыл-ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының саналы оқу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері мен оқу барысында кездесетін қиындықтар сипатталады.

Алтынай 6 мин 38 оқылым
Балабақша

Үй жануарлары мен төлдері.

Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған сабақ жоспары үй жануарларын, төлдерін және олардың пайдасын таныстырады. «Төлдерін тап!» ойыны мен сергіту сәті қамтылған.

Алтынай 2 мин 150 оқылым
Орыс тілі

«Один дома»

Ересек топқа арналған ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар сурет бойынша әңгіме құрап, үйдегі қауіпсіздік ережелерін талқылайды.

Алтынай 5 мин 273 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 230 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 150 оқылым