Мазмұнға өту

Тіл - ел тірегі

Тулеуова Айжан Жексенбаевна 2 мин оқу 1 480 оқылым

Тулеуова Айжан Жексенбаевна

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Жылдың төрт мезгілі бар.

-Жаз,күз көктем,қыс

- Қазір жылдың қай мезгілі.
- Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?
- Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазан, қараша.
- Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
- Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.

Балалар біздер қай елде тұрамыз?

-Біздің елбасымыздың аты кім?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біздер қазақша тілде сөйлейміз.Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі.
- Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Нұрислам:Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте

Алибек: Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым

Дина: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

Мұрагер: Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.

Толғанай: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді

Саяра: Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
Айзере
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің
-Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.

Ендеше бәріміз бірігіп ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Кім зерек?»
Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.

-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
Жансая: Өнер алды қызыл-тіл.
Айша: Тіл қылыштан өткір.
Ақсана: Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.
Қарлығаш: Басқа пәле тілден.

Балалар осы айтқан мақал-мәтелдеріңді естеіңнен шығармай үнемі жаттап жүріңдер.Жарайсыңдар балалар.

Қорытындылау
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу қызметіміз  өз мәресіне жетті.Оқу қызметіне жақсы атсалысып қатыстыңыздар.Сұрақ-жауап арқылы оқу қыхметін қорытындылау.
Бағалау және мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі
: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Тулеуова Айжан Жексенбаевна

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Баланың жан-жақты дамуындағы ойынның маңызы

Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады. Ойын-балалардың күнделікті…

Тулеуова Айжан Жексенбаевна 1 540 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин