Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тіл абыройы-ұлт мәртебесі

Елепбай Айдана
1 мин оқу 48 оқылым

Тіл-халықтың айнасы.Әрбір халықтың мемлекеттік тілі- сол халықтың тарихынан сыр шертеді. Барлық мемлекет үшін өз тілінің абыройы-ұлт мәртебесі екені хақ. . Тілге деген құрмет - халыққа деген құрмет.     

     Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетіп, жарқыратуымыз керек.Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Қазақ тілі дегенде,бір сөздің өзінен жылулық,мақтаныш және тарихымызды сезінбеу мүмкін емес.Қазақ халқының өзіне тән,жеке тілін жариялау оңай дүние болмағаны,тіпті,қаншама зиялыларымыз өз жанын бергенін барлығымыз білеміз.Ал,неге өзімізде бар,бай тілдің абыройын асқақтатуға тырыспаймыз?Елімізде «Өзге тілдің бәрін біліп», өз тілінде еркін сөйлей алмайтын қандастарымыз қаншама? Біз бұл топты Мұхтар Шахановтың тілімен айтсақ, «Шала қазақтар, жаңа қазақтар» деп «әспеттеп» жүрміз.«Соқыр тауыққа бәрі бидай» демекші,өзге тілде сайрап,өз еліңнің тілін білмесең,сайрап тұрған тіліңнен не пайда?         

      Қазақ тілі - тұғырлы тіл болып, халық арасында өзінің айрықша бағасын алуы керек. Тіл - ұлттың жаны, жүрегі болғандықтан, тіліміз тұғырлы, ғұмырлы болуы керек емес пе? Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет екенін ескерсек,қазақ халқына деген мүйіспеншілігіміздің белгісі деп білемін.

        Кезінде ақын Қадыр Мырза Әли:

Ана тілің арың бұл-

Ұятың болып тұр бетте!

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! - деген еді. Сол секілді, үш тілділіктен бұрын біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы ойды қолдап, болашақта қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керек.

      Сондықтан мен өз замандастармыды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадір Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Елепбай Айдана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым