Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Театрдаға бір күн

Сұлтанова Ақнұр
2 мин оқу 42 оқылым

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрымен бірлесе отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Сәуір айы «Театр айы» болып жарияланады! Осы келісімге сәйкес біз сәуір айының он бесінші жұлдызында қазақтың «менмін» деген жазушысы- Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі романы «Махаббат, қызық мол жылдардың» спектакліне бардық.
Маған ерекше әсер қалдырған бұл қойылым келген әрбір көрерменнің ерекше махаббатына ие болды.
Қойылым оқиғасы майданнан аман оралған ардагер жазушының бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алады. Бас кейіпкер Ербол образы арқылы қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен шынайы махаббат сезімі баяндалады. Жас солдаттың Алматы қаласындағы Қазақ университетіне түсіп, 33-ші аудиторияға кіргеннен бастап, өмірі бақыт пен өкінішке, қуаныш пен мұңға толы болды. Аудиторияға кіргеннен бастап бір топ қыздардың арасына тап болуы, қыздарды ғажап гүл әлеміне теңеуі - оның қыз балаға деген сыйластығын көрсетеді. Сол айдай сұлу қыздардың ішінде Ерболдың махаббатына айналған Меңтайдың болуы, оның қылығы, оның әдемілігі, мінезі көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Ортадан сәл ғана тѳмендеу бойы бар, самай тұсы
шираты-а бұйраланып тұратын қою қара шашын
ұзын қос бұрым етіп ѳріп, оны ақ мандайынан жоғары‐
лата басына бірнеше рет орап, екі ұшын тас қылып
тѳбесіне түйіп тастаған, ақ беті таза қолмен аршыған
жұмыртқадай кіршіксіз, жасы он сегізге келген
талдырмаш қыздардың бейнесі әсем етіп бейнеленеді. Ербол мен Меңтай екеуінің бір-біріне құштарлығы, іштей жақсы көріп тұрып, айта алмауы, Ерболды «аға» деп атауы Меңтайдың тәрбиелілігі мен ақылдылығынан көрініс берді.
Көріністегі көрерменге әсер етіп, жағымсыз образда бейнеленген образ-Тұмажан бейнесі
Тұмажан Ошақбаев — жағымсыз кейіпкер, тек өзін ойлайтын, өтірік сөйлейтін, арсыз жан, Меңтайдың ағасының майдандасы жəне Меңтайды алдап өзіне атастырып қояды. Қыз баласының тағдырының қиыншылығы, қыз баласының өмірі қойылым барысында өте ауыр бейнеленеді. Махаббаттың өрті күшті болғанымен, ғашықтардың ойынан бір-біріне деген сезімдері өшпей, қаншама қиыншылық болсада екеуі отау құрады. Бір өкініштісі,Ербол мен Меңтай,Төлеген мен Жібек, Еңлік пен Кебек, Қозы мен Баян, Қалқаман мен Мамыр, Ахмет мен Жамал секілді өмірлерінің соңына дейін бірге бола алмады.Ербол Меңтайды шын сүйді,дегенмен махаббат ажалды жеңуге қауқарсыз.Ол өз сүйгенін,жаңа туған сәбиімен бірге жер қойнауына тапсырды.Шығарманың осы тұсында көзіме еріксіз жас келген еді.
Осы қойылымның барысында :

Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар,-деген Абай атамыздың өлең жолдары еріксіз еске түседі.
Біз барған бұл шығармадан біраз ой түйдік, алар ақпаратымыз көп болды. Ойнаған актерлер мен актрисалардың рөлі керемет болды,сондықтан сізге айтар ұсынысым бар :
Рухани кенелгіңіз келсе, көрермен, театрға келіңіз!

Орындаған:Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студенті- Сұлтанова Ақнұр

Қабылдаған: Қазақстан тарихы кафедрасының доценті-Джолдыбаева У. М

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сұлтанова Ақнұр

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым