Мазмұнға өту

Тәуелсіздікке сценарий. «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

Кулшурина Эльвира Жолдыбаевна 2 мин оқу 225 оқылым

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

Гимн орындалуы

1-жүргізуші:

Армысыздар, Отандастар!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн,  қымбатты қонақтар,  ұстаздар,  оқушылар!

1-жүргізуші:

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.

Еліміздің тәуелсіздік алуы -  халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

2-жүргізуші:

Сол боздақтарымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы себебімен тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

1 жүргізуші

Осы боздақтарды еске алу мақсатында  Бір  минуттық  үнсіздік жариялаймыз

Құттықтау сөз:   Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы

Аманжол Гарифоллаұлына беріледі

2-жүргізуші:  

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін.

1-жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Бишілер тобы

2 жүргізуші

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Көркем сөз  4 сынып оқушылары:

1 жүргізуші

Біз қазақпыз, бейбіт елміз

Пейілі кең бейне теңіз!

Алтын бесік туған жерді,

Асқақ әнмен тербетеміз.

ӘН:

2 жүргізуші

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Құттықтау сөз

1 жүргізуші

Қазағымның тарихы жатқан аңыз

Ел болдық егеменді мақтанамыз.

Төбеміз көкке жетті қуаныштан,

Жаңғырды ата дәстүр, салт-санамыз.

Күй: Ақбаян орындайтын Рустемқызы Райана

2 жүргізуші

Тәуелсіздік төрімізде,

Желбірейді туымыз.

Қазақпын деп мақтанады,

Қызымыз бен ұлымыз.

1 жүргізуші

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Композиция   «Көзімнің қарасы» орындайтын

2 жүргізуші

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Күй  «Кеңес» орындайтын Шайхмеденов Азамат

1 жүргізуші

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

2 жүргізуші

Қазақпын, қойнауы –құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.

Хор «Моя родина Казахстан»

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы

Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,

Шырағы мен пырағының тұрағы.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

1-жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман.

2-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.

1-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!

2-жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!

1 жүргізуші: Бүгінгі  «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты кешіміз аяқталды!

Назарларыңызға рахмет!

Той тойға ұлассын!

Қош сау болыңыздарІ

Соңғы жаңарту: 3 наурыз 2026, 22:50

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Кулшурина Эльвира Жолдыбаевна

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қош, сүйікті Әліппе !

Жалпы білім беретін №39 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппе ! Сынып:1 «Ж» Сынып жетекшісі: Кулшурина Э.Ж. Мақсаты: Білімнің бастауы болған әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау,…

Кулшурина Эльвира Жолдыбаевна 68 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Қазақ тілі 4 сынып Нәтиже сабақ мен не үйрендім? Ашық сабақ

Білім беру ұйымының атауы №39 орта мектеп Пәні: Қазақ тілі Бөлім: Мәдени мұра Педагогтің аты-жөні: Жұмабай Р.Ж. Күні: 29.11.2021ж. Сынып: 4 Ғ, Қатысушылар саны: 30 Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: №45 сабақ. Нәтиже…

Кулшурина Эльвира Жолдыбаевна 79 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Сценарий

5 қыркүйек тілдер күніне арналған тіл туралы тақпақтар, өлеңдер

Мағжан Жұмабаев — «Қазақ тілі» Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! Ілияс Жансүгіров — «Анам тілі» Қадірлі,…

Bilimger Media 9 247 оқылым 5 мин
Сценарий

5 қыркүйек тілдер күні балабақшада – дайын сценарий

Тілдер күні балабақшада: 5 қыркүйекке арналған сценарий 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Балабақшада Тілдер күнін өткізу арқылы бүлдіршіндерге ана тілін құрметтеу, әдемі сөйлеу, үлкендерді сыйлау, достық пен…

Bilimger Media 3 074 оқылым 4 мин
Сценарий

5 қыркүйек – Тілдер күніне арналған сценарий | Мектепке

5 қыркүйек – Тілдер күніне арналған сценарий мектеп оқушыларына 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл мереке – ана тілімізді құрметтеуге, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және елімізде өмір сүретін…

Bilimger Media 2 593 оқылым 5 мин
Сценарий

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі. 1-қыркүйек. 2026-2027 оқу жылы

Тақырыбы: «Қош келдің, білім ордасы!» Мақсаты: Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау, білімге деген құштарлығын арттыру, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ерекше көңіл-күй сыйлау, ұстаздарға құрмет…

Bilimger Media 4 874 оқылым 9 мин