Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

5 қыркүйек тілдер күніне арналған тіл туралы тақпақтар, өлеңдер

Автор

Bilimger Media
5 мин оқу 9 411 оқылым

Тілдер күніне арналған өлеңдер мен тақпақтар

Тілдер күніне арналған өлеңдер мен тақпақтар 5 қыркүйектегі мерекелік шараның мазмұнын байытып, ана тіліне құрметті жеткізуге көмектеседі. Төменде қазақ ақындарының тіл туралы жырлары берілген: мектептегі мәнерлеп оқу, сынып сағаты немесе мерекелік бағдарламаға лайық нұсқасын таңдаңыз.

Мағжан Жұмабаев — «Қазақ тілі»

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

Ілияс Жансүгіров — «Анам тілі»

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.

Сұлтанмахмұт Торайғыров — «Қазақ тілі»

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ахмет Байтұрсынұлы — «Туған тілім»

Кенің бай, келімің мол, туған тілім,
Дыбыстың теріп сөз ғып, буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып құтыла алмас қусам білім.

Қадыр Мырза Әли — «Ана тілің – арың бұл»

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Дихан Әбілев — «Туған тілім»

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Әбділда Тәжібаев - Туған тілім тірлігімнін айғағы

Туған тілім тірлігімнін айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


Ахмет Байтұрсынұлы — «Туған тілім»

Кенің бай, келімің мол, туған тілім,
Дыбыстың теріп сөз ғып, буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып құтыла алмас қусам білім.

Қонып тұр, ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң, есігім бос, ен деп ұлтқа.

Балықтай жүзіп адам, құстай ұшқан,
Түндігің ашулы тұр күн-батыстан.
Ғылым мен кереметтің кенін тапқан,
Нұр кірер білім, өнер мол жақ тұстан.

Кірлетпей келген сақтап анам бұрын,
Ордаңды шала қоймас енді құрым.
Алыстан әлде қандай жат көргенсіп,
Кіргендер тамсанатын танып сырын.

Біреулер мұнараға «мінетін-ді»,
Құрындай деп жыр дегбеге күлетін-ді.
Биіктен төмен түсіп қарағанда,
Көзінің жаңылғанын білетін-ді.

Кемсініп көбің ордамды адасқандар!
Тіліме жау боп найза қадасқандар!
Бір айттым, екінші айтам, бұл үшінші,
Жорта бер, жолың алыс, адассаңдар.

Мен болман болдырамын «татар» десең,
Мен жатпан «бір бөлмеңде» жатар десең!
Өтпеймін тамағыңнан «жұтам» десең,
Жолым бір, қолым міне, «қатар» десең!


Мағжан Жұмабаев — «Қазақ тілі»

Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, –
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!


Ілияс Жансүгіров — «Анам тілі»

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.

Бесікте белім буып бітіскемін,
Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін.
«Апа», – деп, «Ә», – деп жылап, аузымды ашып,
Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін.

Маңымды сеніменен танығамын,
Сеніменен қуанып, налығамын.
Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта,
«Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын.

Тілегенім, қорыққаным – бәрі де сен,
Сасқанда да жармасам ойбайыңмен.
Апкәусар болса дағы ұжмақтағы,
Тәттілікті көрмеспін сенімен тең.


Ғафу Қайырбеков - Ана тілі

Мейлі, шарлап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі, көктің ақ бұлтына жармастым.
Сонда-дағы сен қалмассың көкейден,
Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

Бар қазақтың орман, көлі, өзені,
Тау қиясы, жалпақ жазық, кезеңі,
Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па, қазақша,
Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

Сенде емес пе, солардың бар ажары,
Орман үні, бұлағының таза әні.
Гүл, бәйшешек, көгорайдың жұпары,
Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.

Ана тілім – күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма, ырысыңды, қорыңды
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын!


Тұманбай Молдағалиев - Ана тілі

Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де
Менің ана тілімде.
Қазақ болып туылғаннан соң, бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде.

Барлық тілді үйренерсің сен әлі,
Жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең, өз еліңді ұмытпа,
Өз еліңнің туын көтер жоғары.

Мен анамды ұғындым деп мақтанам,
Тілін білдім, жарын білдім сақтаған.
Өз анасын сыйламаған пақырлар
Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам.

Ұлым, менің бұл сөзіме бағарсың,
Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.
Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,
Ал басқасын өзің тауып аларсың.


Тұрсынхан Әбдірахманова - Ана тілім

Ана тілім – тірлігімнің тірегі.
Тілмен ғана кірер адам іреңі.

Тілсіз қоғам өлі, мынау дүние
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім – әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қайығы.
Ой-санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні.
Ана тілім – айна түсер аймағы,
Елім, жерім, ұлтымның да айғағы.
Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп
Жеткізетін мәні, нәрі, қаймағы.
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем.
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
Ана тілім – анам сынды аяулым,
Сенсіз жерде көш соңында жаяумын.
Сенсіз жерде күйім көрдей қараңғы,
Сенсіз қалсам құруға да таяумын.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң,
сыйлап өтіңдер.
Туған тілін танымаған көр соқыр
Болып өтер, ертең мәңгі өкінер.

Тілдер күніне арналған қосымша материалдар

Мерекелік бағдарлама әзірлеп жүрсеңіз, мына сценарий үлгілерін де қараңыз:

Жиі қойылатын сұрақтар

5 қыркүйекте қандай мереке атап өтіледі?

Қазақстанда 5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді. Мектептер мен балабақшаларда осы күнге орай мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Тіл туралы тақпақтарды қай шарада оқуға болады?

Бұл өлеңдерді сынып сағатында, мәнерлеп оқу сайысында, мектептегі мерекелік кеште немесе балабақшадағы тілдер күніне арналған бағдарламада пайдалануға болады.

Мерекеге өлеңді қалай таңдаған дұрыс?

Оқушының жасына, жаттау мүмкіндігіне және шараның форматына сай өлең таңдаңыз. Балаларға қысқа әрі түсінікті шумақтарды бөліп беріп, мәнерлеп оқуға алдын ала жаттықтырған жөн.

Соңғы жаңарту: 15 қазан 2026, 14:07

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Сценарий

«Алғашқы қоңырау» сценарийі: 2026–2027 оқу жылы

2027–2028 оқу жылына арналған алғашқы қоңырау сценарийі: салтанатты ашылу, бірінші сынып оқушыларын қарсы алу, құттықтау сөздер және қоңырау рәсімі.

Bilimger Media 4 900 оқылым 9 мин