Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәуелсіздік көкбайрағы!

Жалгасбаева Батима Қадырғалиқызы
3 мин оқу 27 оқылым

Ақтөбе қаласы

Жалгасбаева Батима Қадырғалиқызы

Тақырыбы:  «Тәуелсіздік көкбайрағы!»
Мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу. Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік мәні:
Өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу, ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұл-қызы болу..

Дайындық жұмысы: Ата-анамен алдын-ала жұмыс: балаларды мерекеге сай киімдерін даярлау, алдын- ала тақпақтар беру, билерді үйрету, әндерін ырғаққа сай орындауға үйрету. Мерекеге сай залды безендіру.

Жүргізілу барысы:

Жүргізуші:
Армысыздар, бұл кештің қонақтары
Халқымның  әрқашанда  қонақ – бағы
«Тәуелсіздік алған күн!» атты кешті
Бүлдіршіндер  көруге шақырады.

Алдарыңызда ортаңғы «Балапан» тобы.

«Әнұран»
Сәлем бердік, кешіміздің көрермені
Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені
Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендері!

Жүргізуші:
Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.
Балалар бір сәтке назарларыңызды экранға аударсақ.                                         (Слаид бойынша түсіндіру) (10 мин)

Сұрақ-жауап:

-Балалар, біздің тәуелсіз мемлекетіміз қалай аталады?

-Қ.Р. Призиденті кім?

-Қ.Р астанасы қай қала?

-Тәуелсіздік күні, қай күн?

-Қазақстанда мекен ететін қандай ұлттарды білесіздер?

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал қазір тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақтарымен ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Әли:

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық, біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік- ұлық той.

Ғалия:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн!

Үміт:

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.

Мансұр:

Туыспыз біз бәріміз

Бір Отанды сүйеміз

Бақытты елде тұрған соң

Бақытты өмір сүреміз.

Гаухар:

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім, дінім, ұлтым қайда көгерген

Елбасы Нұр ағаның бастауы.

Жүргізуші:

Біз ешкімге тәуелсіз егеменді елміз.

Осыны мақтан етейік балалар!

Бал бүлдіршіндеріміздің орындауында

Би: «Жаса Қазақстан»

Жүргізуші: Жайрайсыңдар балалар! Балалар алыстан мұңартып біреу көрінетін секілді. Бұл кім екен? (Ішке саяхатшы кіреді.)

Саяхатшы: Саламатсыздарма балалар! Hello children!!! Қалдарыңыз қалай? Сендерді көргеніме қуанштымын! Тәуелсіздік күндеріңіз құтты болсын! Өсіп, өркендей беріңіздер!!Қазақстан жайнап-жайқала берсін!

Жүргізуші: Саламатсыз ба! Көп- көп рахмет тілегіңізге. Кешіріңіз, өзіңізді таныстырып өтсеңіз, біз сізді танымай отырмыз.

Саяхатшы: Мен саяхатшымын. Есімім –Джози. Мен, Қазақстан туралы көп естідім. Оның қалаларын көзіммен көргім келіп, саяхатқа аттандым. Бірақ, өкінішке орай саяхат барысында, картама су тиіп, Қазақстан қалаларының атын өшіріп алдым.Маған Қазақстан қалаларын атап беріңіздерші. Қандай қалалары бар екен?

Жүргізуші: Танысқанымызға қуаныштымыз Джози ханым. Әрине, көмектесеміз, солайма балалар?

Ойын: «Қазақстан қалаларын ата»

Мақсаты: Қазақстан қалаларын атауын білу. Балалардың көңіл күйін көтеру. Көмек қолын созуға, топпен жұмыс жасауға үйрету.

Барысы: Балалардың қолдарына гүл беріледі, олар Қазақстанның қалаларын атап, картаға жапсырады.

Саяхатшы: Рахмет балалар!!! Сендер маған көмектестіңдер. Мен саяхатымды әрмең қарай жалғастырайын. Сау болыңыздар!

Жүргізуші мен балалар: Сау болыңыз! Жолыңыз болсын!

Жүргізуші: Кезекті тағыда бал тілді бүлдіршіндердің тақпақтарына берсек. Ортаға Ерасыл, Нұрдана, К. Інжу.

Ерасыл:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде танысьым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

Нұрдана:

Біз Отанның гүліміз,

Туған жердің нұрымы

Тәуелсіз біздің еліміз

Қазақстан жеріміз.

К.Інжу:

Күн шуақты Қазақстан

Саған ғана үн қосқан

Жүрегімнің дүрсілі

Төгіледі жыр дастан.

Жүргізуші: Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.
Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!!

Хор. «Әрқашан күн сөнбесін»

Осымен, тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жалгасбаева Батима Қадырғалиқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым