Тәуелсіз ел – Қазақстан
«Өткен күн, КЕШЕ,- тарих
Келер күн, ЕРТЕҢ, - сыр
Ал бүгінгі күн, - үлкен сый» - деп, Қорқыт атамыз айтқандай тарихта, сырда, сыйда болған Тәуелсіздігімізге биыл 28 жыл. Еліміз өз егемендігін алғаннан кейін көптеген асуларды бағындырып, жетістіктерге жетіп келеді.
Тәуелсіздік ол- тыныш ұйқымыз, арайлы таңымыз, еркін тынысымыз, балаларымыздың шынайы күлкісі мен орны толмас бақытты күндеріміз.
Тарихқа үңіліп, Тәуелсіздік жолында ата-бабаларымыз көрген шайқастарды, аштықтарды, әрбір тамған қан мен әрбір көз жасты еске түсірсек Тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінеміз. Осы жолда қанын,жанын азат еткен ата-бабаларымызға бүгінгі күнде ескерткіштер қойылып,ерліктері туралы жастар арасында, қоғам арасында кеңінен насихатталып келеді. Тәуелсіздік – тәтті жеңіс. Бүгінгі ұрпақтың алауына айналған көк байрағымыз: еңбектеген сәбиден бастап, еңкейген қарттың тірегі болып, әрбір адамның жүрегінде қашанда сақталмақ. Қиындығы мен жеңісін қатар «жегізген» Тәуелсіздік - шымырлаған батылдық пен жігерліктің жалын отымен келген ұлы күн. Көк аспанда қалықтаған жас қырандай біз жастар арайлы әр күнімізде Тәуелсіз еліміздің тарихын өскелең ұрпаққа «қанатымыз талмай, сағымыз сынбай», насихаттауымыз керек.
Көк туымыз желбіреп, әлемге әйгілі болған қазақ елінің өз мәдениеті, діні, тілі тәуелсіз ел екеніміздің жарқын бейнесі. Жанымызға қуат берер тәуелсіз еліміздің бақытты ұрпағы ретінде мен тәуелсіздіктің жолында қаза болған ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгіге құрметтеп, болашақ жастарға насихаттап түсіндіруге өзімнің үлесімді қосамын.
Мен Тәуелсіз елімді мақтан етемін.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/tauelsiz-el-qazaqstan
Жұлдыз
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.