Мазмұнға өту

Тау бағындырған талант

Перизат 2 мин оқу 371 оқылым

Тау бағындарған талант- Жездібаев Төкеш Қабалұлы

Төкеш Жездібаев - туризм және өлкетану ардагері. Республикада алғаш рет балалар – жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы, ҚР мен КСРО үздігі, спорт шеберлігінің кандидаты, тау туризмінің үздік инструкторы, спорттық туризмнен республикалық жоғары дәрежедегі төреші, Москва Халықаралық балалар–жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының академигі және «Алтын компас» иегері.
Төкеш Жездібаев 1935 жылы Ақтөбе облысының Ембі қаласында дүниеге келген.
Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін) бітірген.
1961 жылдан 1997 жылға дейін республикалық балалар туристік – экскурсия станциясында қызмет етті (2 жыл әдіскер, 24 жыл оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары). Ол - балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасуына, шыңдалып жетілуіне аянбай еңбек сіңірген азамат. Республика аймағында туристік станциялар мен орталықтардың ашылуына ұйытқы болып ұзақ жылдар еңбек етті.
Өзі ұйымдастырған оқушылардың «Атамекен» Республикалық туристік-өлкетану экспедициясы ондаған және мыңдаған өлкетанушыларды өз қатарына біріктіріп жақсы деңгейде жұмыс істеп келді.
ТМД елдерінің және республиканың педагогикалық және туристік-өлкетану қоғамында үлкен құрметке ие болды.
Батыс Қазақстан облысында бірнеше рет болып /1961,1991,1996/ туризм және өлкетану бағытындағы оздырылған семинар, конференция, жарыстарға қатысты.
Т.Қ.Жездібаев жаяу туризм, тау туризмі және вело туризмімен демалыс күнгі жорықтан бесінші қиындық дәрежесіндегі жорықтарға шығумен белсенді айналысты. Жалпы 1000-ға тарта қиындық дәрежесіндегі жорықтар, демалыс күнгі жорықтар, далалық жорықтар, көпкүндік жорықтар мен экскурсиялар жасаған. Ол -жалпы ұзақтығы бойынша 2300 күн немесе 25 мың шақырым жүрілген жолды құрайды. Мысалы : 1968 жылдың тамыз – қыркүйек айларында Ү қиындық дәрежесіндегі жаяу жорық, 1986 жылдың 4-8 маусым аралығында жаяу жорық, 1986 жылдың 1 -10 шілде аралығында жаяу жорық, 1969 жылы қазан айында вело жорық, 1972 жылы желтоқсан айында жаяу оқыту-жаттығу жорығы және басқа да көптеген жорықтар жасады. 1995 жылдың шілде айында Абайға арналған мерекелік альпиниадаға туризм ардагері ретінде ҚР-ның президенті Н.Әбішұлымен бірге қатысты.
Ұзақ жылғы ұстаздық-тәрбиешілік жұмыс барысында 70-тен астам
оқу-әдістемелік нұсқаулықтар жазды:«ҚСРО мектептеріндегі туризм және өлкетану»,
- Үйірмелер мен клубтарда туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру,
- Мектептегі жарыстар мен слетті ұйымдастырушыларға көмек,
- Мектептерде туристік саяхаттарды ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары»,
- ЖОО арналған типтік бағдарлама,
-Туризм және өлкетану негіздері,
-Туристік жұмысты ұйымдастыру жұмыс тәжірибесінен,
- Қазақстан бойынша оқушылардың туристік маршруттары,
- Олардың атымен аталған,
-Терминологиялық сөздік,
-Туризм, альпинизм және өлкетану,
- Шығыс – тылсым жұмбақ» /ҚХР-на саяхат кезіндегі жазбалар– 1999ж./
- Мухаммед – оның өмірі мен діни оқуы .(1996)
- «Атамекен» туристік-өлкетану экспедициясының жергілікті штабының жұмысын ұйымдастыру әдістемелік ұсыныстар (1997)
- Жастуристергекеңес /оқу құралы/ (2000)
- «ҚазақстанРеспубликасындағымектептуризміжәнеөлкетану» (2001) жазған. Сонымен бірге көптеген газет-журналдарға, теле-радио хабарламаларына туристік-өлкетану тақырыбында баяндамалар жасады.
Т.Қ.Жездібаевтың спорттық разрядтары мен атақтары өте көп.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Перизат

Автордың басқа материалдары

Жаңалықтар

Жаһандану дәуіріндегі жаңа мамандық

Арман қуып, асқақ арманның соңына еріп аңсаған оқу орнына түсу кімнің де болсын арманы емес пе?! Ия, қазіргі таңда мамандықты таңдау басты өзекті мәселе. Мамандық ол болашақтағы берер үлкен…

Перизат 437 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ғылым

Жасөспірімдік шақтағы “Арман” мен “Үміт” концепциясының психологиялық көрінісі: бердібек соқпақбаев “менің атым қожа“ повесі бойынша

УДК159.91 Ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы курс студенті Жарқын Аружан Ержанқызы ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ “АРМАН” МЕН “ҮМІТ” КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨРІНІСІ: БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ “МЕНІҢ…

Тулекова Гулжан. Жарқын Аружан 172 оқылым 9 мин
Ғылым

Орталық Азия елдеріндегі су секторының дамуы: ерекшеліктері, болашағы және қиындықтары

Қожақан Аяжан Аннотация Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару — трансшекаралық су жүйелеріне тәуелділік және халықтың өсуі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің сұраныстарының артуы жағдайында күрделі мәселе болып…

Аяжан 45 оқылым 2 мин
Ғылым

Адамгершілік символына айналған – С.Бәйішев

Бұл мақала қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бәйішев Сақтаған Бәйішұлының туғанына 115 жыл толуына арналады. Советтік Қазақстанның жетекші қоғамтанушылардың бірі, Қазақстанның…

Bilimger Media 40 оқылым 6 мин
Ғылым

Peculiarities of using web quests in teaching English

Peculiarities of using web quests in teaching English Annotations The article emphasizes the importance of using authentic materials for language learning, such as real-life text and speech, rather than simple…

Айтходжаев Худайберген 31 оқылым 14 мин