Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тас дәуірі (палеолит)

Сламгалиева Шолпан Мадигалиевна
3 мин оқу 1 223 оқылым

Сламгалиева Шолпан Мадигалиевна

Сабақтың мақсаты.

  • Білімділік: Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дөуіріндегі Қазакстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.
  • Дамытушылық: Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: Ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке, еңбеккорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: биология, геогафия, математика

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Ежелгі Қазақстан» картасы.
  2. «Тас дәуірінің кезеңдері» деп аталатын кесте.
  3. Тас дәуірінің күралдарының суреттері.

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасы.

Өткен сабақтағы сабақ жоспары бойынша бірнеше оқушыдан үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұрап шығамын. Одан кейін үйге берілген «Жүмыс дәптеріндегі» тапсырманы жалпы сыныптан   әр партаны аралап жүріп, тексеремін. Одан кейін алдын ала дайындаған қағаз қиындыларына әр нұсқаға жеке-жеке жазып келген  3-4 жаңа сөздермен таратып беріп, оның жауабын берілген уақыттан соң жинап алып, тексеріп шығамын.

Жаңа тақырыптың жоспары:

  1. Ерте тас дәуірі (Палеолит).

2.Тас кұралдары.

  1. Тас дәуіріндегі Қазақстанның табиғаты.
  2. Орта тас дәуірі.
  3. Жаңа тас дәуірі.
  4. Неолит жаңалықтары.

Адам баласының алғаш қолданған еңбек құралдары тастан жасалған. Еңбек құралдарын тастан жасау, оны қолдану дәуірі өте ұзаққа созылған. Сондықтан адамзат тарихының осы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі үшке бөлінеді деп темендегі кестенің көмегімен тас дөуірінің кезеңдерімен таныстырамын.

Тас дәуірінің кезеңдері.

ТАС ДӘУІРІ

ПАЛЕОЛИТ (б.з.б. 2 млн 500-12 мыңжылдыктар)

МЕЗОЛИТ (б.з.б.12-5мыңжылдықтар)

НЕОЛИТ (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар)

----------► 1. Ерте палеолит ( б.з.б. 2 млн 500-140 мыңжылдықтар)

----------► 2. Ортаңғы палеолит (б.з.б. 140-40мыңжылдықтар)

----------► 3. Соңғы палеолит (б.з.б. 40-12мыңжылдықтар)

Одан кейін тас дәуірінің кұралдарын суреттердің көмегімен таныстырып өтемін. Окушылар дәптерлеріне алғашқы адамдардың пайдаланған еңбек құралдарын жазып алады:

тескіш, кескіш (чоппер), қырғыш, чоппинг, қол шапқы, пышақ,найза, болос.

Оқушыларға Казақстанның ерте кезеңдегі табиғат жағдайы мен қазіргі табиғатын салыстыртамын. Оқушылар дәптерлерін екіге бөліп, осы тәртіппен екі бағанды салыстырмалы түрде толтырып шығады.

ЕжелгіҚазақстан табиғаты Қазіргі Қазакстан табиғаты

 Сабакты түсіндіру барысында төмендегі негізге сүйенемін.

Мезолиттегі өзгерістер:

  • Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі,
  • Ірі жан-жануарлардың құрып кетуі,
  • Жебелі садақтың, бумерангтың, кақпан мен тұзақтың пайда болуы,
  • Балық аулаудың көбеюі қайықтың пайда болуына түрткі болды,
  • Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашкы белгілері пайда бола бастады,
  • Тас өңдеудің жетіле түсуі,
  • Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекенінің игілігіне айнала бастауы.

Неолит дәуірінің жаңалықтары:

  • Тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетті,
  • Ыдыс жасауды үйренді,
  • Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады,
  • Егіншілікпен айналыса бастады,
  • Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды. Мезолит пен неолит дәуіріндегі жетістіктерді тактағаілінген тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің суреті аркылы сипаттап шығамын. Картадан оқушыларға тас дәуірінің ескерткіштері шоғырланған аймақтарды көрсетемін.

Осылайша жаңа тақырыпты осындай тірек кесте, сөздер арқылы түсіндіріп  былай корытындылаймын: Тас дәуірі біз көріп отырғандай адамзат дамуының ең ұзакка созылған дәуірі. Мұз басу дәуірі Қазақстан аумағына жетпегенмен, мұздың еруі Қазақстанның табиғатына әсер етті. Мезолит дәуірі палеолит пен неолит кезеңі арасындағы жалғастырушы көпір болса, ал неолит кезеңіндегі жеткен жетістіктерінің маңызының зор болғандығы соншалық, тарихта оны ғалымдар «неолит төңкерісі» деп атады.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 14-параграфты оқу. Параграфтың соңындағы сұрак-тапсырмаларға ауызша дайындалып келу

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Сламгалиева Шолпан Мадигалиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 008 оқылым