Мазмұнға өту

ТАРИХИ ТҰЛҒА ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ

Енгебай Ержан Айдарұлы 3 мин оқу 141 оқылым

ТАРИХИ ТҰЛҒА ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ

Ермұхан Бекмаханов "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" кітабының авторы, Кенесары көтерілісіне объективті баға бергені үшін қуғын-сүргінге ұшырады, ал  кітабы тәркіленіп, жойылды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты іргелі басылымының авторы Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі әрдайым қазақстандық ғылымның беделді тарихшылары мен танымал өкілдерінің назарында болды. Ол туралы профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Манаш Қозыбаев, Кеңес Нұрпейіс, Халима Адамқызы Бекмұхамедова және т.б тарихшы ғалымдар жазған.

"Ермұхан Бекмаханов туралы деректі материалдар" мақаласында тарих ғылымдарының кандидаты Р.Сариева Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының ғалымның өмірі мен қызметі туралы құнды және бірегей құжаттардан тұратын жеке қорлары туралы айтып берген.

Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатында Бекмаханов Ермұхан мен оның қызы Наиля Ермұханқызының отбасылық қоры бар, онда 1927-1993 жылдардағы мұрағаттық құжаттар сақталған. Қордың құжаттары ғалымның ғылыми жұмысының негізгі кезеңдерін терең зерттеуге, оның туыстарымен, достарымен және әріптестерімен өзара қарым-қатынасын ашуға мүмкіндік береді.

Ермұхан Бекмахановтың қабілеті мен еңбекқорлығы Баянауылдағы орта мектепте, Семейдегі дайындық курстарында, Воронеж педагогикалық институтында оқыған жылдары байқалды.

Оның досы, әрі сыныптасы да В.Сурат Ермұханның  білімге құштарлығын өзінің естеліктерінде көрсеткен:

Институтты бітіргеннен кейін РСФСР Білім халық комиссариатымен Е.Бекмаханов Қазақстанға жіберілді. 1937-1939 жылдары Қазақ педагогикалық институтында ғылыми қызметкер, кейін директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

Қарапайым халықпен әңгіме барысында ол Кенесары Қасымов және ұлт-азаттық қозғалыстың басқа да басшылары туралы әңгімелер мен аңыздарды естіп, оларды мұрағаттық материалдармен салыстырды.

Қорда жазушы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің "Қобыланды батыр" атты зерттеу тақырыбы бойынша Е.Бекмахановқа кеңес алу кезінде жазған естеліктері сақталған. Ермұхан оның таңдауын қолдап, тарихи материалдарды қайда және қалай жинау керектігі туралы кеңес берген. Ал Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми жетекші М.Әуезов Е.Бекмахановтың қабілетін жоғары бағалаған:

1947 жылы өзінің докторлық диссертациясының негізінде "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" монографиясын жариялады, оның тұжырымдамасы тарихшылар арасында ғана емес, экономистер, заңгерлер, жазушылар мен журналистер арасында да қызу пікірталас тудырды. Тарихшы буржуазиялық ұлтшылдыққа айыпталды, ал кітап ғылыми және саяси тұрғыдан қате деп саналды. Айыптаулардан кейін репрессия жүргізіліп, Бекмаханов халық жауы деп жарияланды.

1950 жылы "Правда" газетінде Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якунин «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» атты мақала жариялады, онда Е.Бекмаханов «Қазақ халқының өткенін ұлтшылдықпен түсіндірді» деп айыпталды.

Дарынды ғалым ҚазМУ-да жұмыстан босатылып, Нарынқол ауданына, содан кейін Жамбыл облысының Шу ауданына жер аударылды, онда оған мектеп мұғалімі болып жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ жергілікті тұрғындар арасында осы қиын өмірлік жағдайда оны қолдаған адамдар болды. Мысалы, Новотроицк ауылындағы орта мектептің директоры Ахметжан Тілеубергенов ғалымның студенті еді. Партияның алдында беделімен тәуекел етсе де, ол Бекмахановқа өз үйінде бір шаңырақ астында өмір сүруді ұсынған.

Кейіннен Сібірге 25 жылға жер аударылған Е.Бекмаханов, өз идеялары үшін табанды күрескер болып қала берді. Ж.Шаяхметов, Н.С.Хрущев және еліміздің басқа да басшыларының атына жазған хаттарындағы көрген қиыншылықтарына қарамастан, ол өз Отанының адал ұлы болып қала беретінін үнемі атап өткен. Мұрағаттық құжаттар ғалымның ойларын, оның бостандыққа шығуға деген ұмтылысын, өмірге және жаратылысқа деген құштарлығын айқын көрсетеді. "Ұлтшыл" Ермахан Бекмахановқа қарсы бағытталған ауыр насихатқа қарамастан, көптеген достары мен әріптестері оған дарынды ғалым және жақсы адам ретіндегі көзқарастарын өзгертпеген.

Е.Бекмаханов толық ақталғаннан кейін 1954 жылғы 16 ақпанда Мәскеуде онымен  Мұхтар Жанғалин кездеседі, ол ғалымның бостандыққа шығуына орай құрметпен шексіз қуаныштың белгісі ретінде жаңа костюм сыйға тартқан.

Е.Бекмаханов өміріндегі ауыр сынаққа қарамастан, сарқылмас күш-қуатты ғалым бола отырып, Қазақстанның тарих ғылымында терең із қалдырды, өзінің мектебін құра алды. Жұмыстағы жетістіктері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бұл оның ғылыми және қоғамдық жұмысының мойындалуы, тарихи ғылымды дамытудағы сөзсіз еңбегі болды.

Ол Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінде, қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің бірқатар проблемаларын қарастыруға зор үлес қосқан. Оның ісін тек дәрістерді тыңдаған және оның ғылыми жетекшілігімен диссертацияларды қорғаған тікелей студенттер ғана емес, сонымен бірге тарихшылардың жаңа буыны да жалғастыруда.

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Ержан Енгебай, 1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Енгебай Ержан Айдарұлы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин