Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тарихи құндылықтардың қоғамдағы орны

Аружан
6 мин оқу 124 оқылым

Қай тарихи уақытты қарасақ та, қоғам дамуы елдің экономикалық және саяси институттар жұмысының белсенділігімен емес. Қазіргі таңдағы жаһанданумен қатар келген қоғамның руханияты, әлеуметтік-мәдени өміріндегі өзгерістер барынша назар аударуды талап етеді. Қазақстан қоғамын дамыту жағдайында рухани құндылықтар сабақтастығы, жаңа қоғам мүшелерінің, жас ұрпақтың қарама-қайшылықтар кезеңінде өмір сүруінің әлеуметтік маңызын, сонымен бірге қоғамдағы діни көзқарастар қайшылығы, материалдық құндылықтардың алға шығуы, адамгершілік қағидаларының аяқ асты болуы сияқты маңызды мәселелердің алдын алу мен салдарын зерттеудің маңызы  зор.

Құндылық - белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады.  Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған.Қазіргі қоғамдағы адам ортасының негізгі сипаттамасы-әлеуметтік өзгерістер болып табылады. Қазіргі заманды ғана емес, кез келген дәуірді сипаттайтын жалпыадамзаттық құндылықтар қарама-қарсы құндылықтарға ашық қоғам құндылықтары мен жабық қоғам құндылықтарына бөлінеді. Мысалға алсақ, ашық қоғамда бостандық- бұл жеке адамның таңдауы және өзге адамдардың сәйкес еркіндігіне кедергі келтірмейтін дүниелерді жасай алуы болса, жабық қоғамда бостандық саналы қажеттілік, яғни жасау қажеттілігі. Бұл қоғамның басты мақсатын жүзеге асыру үшін не қажет дейтін болсақ, қоғам деңгеінде мемлекеттік деңгейде жарияланған нақты әлеуметтік құндылықтар арасындағы елеулі сәйкессіздік әлеуметтік наразылықты, сенімсіздікті тудырады.Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар.

Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор. Қоғам дегеніміздің өзі тұрақты қауымдастық, ұлт немесе бір аумақтағы экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды және әлеуметтік сенімдерді тоғыстыратын үлкен топтастық. Құндылық-белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат немесе құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда, оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан үшін рухани, мәдени құндылықтардың өзектілігіне көп көңіл бөлуіміз керек. Осы тұрғыда ұлтымыздың, еліміздің жаңғыруына тірек бола алатын қазақ қоғамының мәдениеті, тарихы мен құндылықтарының инновациялық жағдайын нақтылау қажеттілігінен көрінеді. Сонымен қатар еліміздің бүгінгі жағдайында тұрақты, қалыпты дамуын қамтамасыз ету, қоғам мәдениеті, тарихымыз және саяси мәдениет құндылықтары оның нормаларын қалыптастыру, діни құндылықтар тұжырымдары, ұлтаралық, дінаралық мәселелерге назар аудару қазіргі таң заман талабынан туындап отырғаны сөзсіз. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауларында да Қазақстанды жүйелі жаңғыртуды реформалаудың тарихи маңыздылығы айтылуда. Осы мәселеде еліміздің барлық этнос өкілдерінің мәдениеті, тарихы, ментальді әлемі мен рухани, діни әртүрлілігінің роліне ерекше көңіл аударамыз. Соған байланысты еліміз өзінің мәдени дамуының үлгілеріне де баса көңіл бөлуіміз керек.

Бүгінгі таңдағы елімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің ұлттық мәдениеті мен тарихының діни көзқарастарының әртүрлілігінің маңызы зор. Сол себепті де басты құндылықтар мен стратегиялық идеялар ғылыми зерттеулердің негізгі өзегі болуымен қатар, қазіргі жағдайда әртүрлі мәдениеттердің байланысы мен ықпалдастығында жалғасын тапқаны жөн. Бүгінгі Қазақстанның құндылықтар әлеміне Батыстың ғана емес, Шығыстың әсерінің барын, қазіргі таңдағы жан-жақта көрініс алып отырған оқиғалар бізді мәдени-рухани, тарихи құндылықтарымызға өткенімізге оралып, қазіргі таңдағы осы шақ пен болашақ турасында ойлануға әсерін береді. Тәуелсіз еліміздің ұлттық идеясы тарихи құндылықтарымызға қауіп төндіретін әр түрлі этносаралық, мәдениетаралық қатынастардың байланысын, қоғамның, саяси биліктің арасындағы қайшылықтарды дұрыс қалыптастыруымыз керек. Ынтымақтастық, мәдени байланыстар адамдар арасында өркениетті дамуға әсерін береді. Бұл елімізде жақсы дамып келеді. Сонымен бірге, бүгінгі таңда тіл тақырыбы да қазақ әліп биін латынға ауыстыру да қоғамда әлі талдау, дұрыс шешімдер қабылдау қажеттігін көрсетеді.

Бүгінгі әлемдік мәдениет жағдайында құндылықтарды қайта бағалап қарауымыз артық болмас. Рухы мықты, жоғары ел ғана қазіргі дамыған жағдайда өзінің рухани құндылықтарымен рухани ұлт болып сақталып қалады. Елдің, ұлттың жарқын болашағы жастардың алған бағытының дұрыстығына байланысты. Біз ұлттық тарихи сананы қалыптастыра білуіміз керек. Бұл тарихи санаға барлық қазақ халқының дүниетанымы, өнері, әні, әдебиеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жатады. Осылардың барлығы тарихи құндылықтарды қалыптастыруда маңызы зор. Қандай ұлт, халық болмасын ұлттық идеясыз, дінсіз, салт-дәстүрсіз болашағы тұман болатыны анық. Осыдан ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыратын оның тарихы екендігі даусыз.Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсақ шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе ең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Келесі құндылықтарымыздың бірі ол-мәдени ескерткіштеріміз. Сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр.

Бүгінгі күнде, әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойына көптүрлі мәдениетті құрметтеуге, тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік қызығушылықтарын оята отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту барысында қоғам  үлкен жауапкершілікпен баса назар аударып отыр. Сонымен қоса, еліміз білім беру жүйесін адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағыттауда.

Ұлттық отаншылдықты қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары ментәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М. Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті». Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру керектігін атап өтеді. Ал ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таңбасы.

Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Амангелді Айталы «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қаһармандық ерлік салтын қастерлеу - ұлттық идеяның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады» - деп келтіреді. “Жас бала - жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қайтып алмақ”- деген тұжырым жасаған қазақ халқының ұлы ақыны ғалым М. Жұмабаев. Бүгінгі жас ұрпақты бала шақтан, яғни ерте жастан ұлт құндылықтарына сүйене отырып тәрбие жүргізу керек. Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген болатын.

Аружан Амангельдиева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аружан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ана тіл

Мәтінде ана тілінің ұлт болмысындағы орны, қазақ тілін құрметтеу және оны күнделікті өмірде дамыту жауапкершілігі сөз болады.

Аружан 1 мин 27 оқылым
Ғылым

Қазақ және Думадағы саяси ахуал

Мәтінде 1915 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақ және Дума» мақаласы талданып, Думадағы заң қабылдау тәртібі мен қазақ жұртының талап-тілегі баяндалады.

Аружан 4 мин 33 оқылым
Жалпы рубрика

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ(XIX-XX Ғ. БАСЫ)

Материалда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы, ұлттық сананы дамытуға және қоғамды жаңғыртуға қосқан үлесі қарастырылады.

Аружан 8 мин 139 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым