Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тарих сабағында инновациялық технологияны қолдану

Тәңірберген Нұрайым Бағдатқызы
2 мин оқу 773 оқылым

Тәңірберген Нұрайым Бағдатқызы

Өмір сүріп отырған ғасырымыз – өркениет дамуының  кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуының кезеңі. Жаңа кезеңінде жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үлгісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім жүйеісінің негізгі міндеті – адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылады. Яғни қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Осындай мәселелердің бірі – мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын,  жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр.Тарих сабағының педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы» , М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларының элементтерінің жиынтығы оқытудың инетарктивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасайды.Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне карта жасаймын. Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын,жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбәр адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегін де болжай алады. Белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары кемде кем. Әбу – Насыр әл – Фараби «Тарихты білмей – өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - десе, Н.М.Карамзин «Тарих – әрбір  ұлттың ең басты кітабы»  дейді. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға паратын күш білімінде ғана деген ұранымен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет. Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білім алдымен оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері:

Қазіргі замандағы өмір шарттарына бейімделген, бәсекеге қабілетті, шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыру қажет.

Оқушылардың тарих сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушы, нәтиже.Оқыту технологияларына тән белгілер:

  • негізділігі;
  • жүйелілігі;
  • басқарылмалығы;
  • тиімділігі;

«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі. Педагогикалық технология тарих сабағы бойынша оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс – әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:

а) тұжырымдық негізі;

ә) оқыту мазмұндық бөлімі;

б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдісі.

Барлық технологиялардың мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Ұсынылған амал – тәсілдерді жоғары сыныптарда тарих салаларын меңгертуде қолдануға болады. Жұмыста берілген сабақ үлгілері тарих сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа тақырыпты тез меңгеруге мүмкіндік береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тәңірберген Нұрайым Бағдатқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 008 оқылым