Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 65 оқылым

Бостандықты ту еткен - «Бостандық туы»газетінің тарихына көз жүгіртейік. Газеттің бастауы «Кедей сөзі» деген атаумен тығыз байланысты.Қазақ баспасөзінің бастауында тұрған басылымдардың бірі саналатын газет – 1920 жылы ақпаннан бастап Омбы қаласында жарық көре бастады. «Кедей сөзі» газеті қазақ еңбекшілерінің сауатын ашып, сана-сезімін оятуды мақсат тұтты. Бұл парызды өтеу өте қиынға түсті. Өйткені халық шаруашылығы күйзелісте болатын. газеттің полиграфиялық базасы нашар болғанымен қоса, журналист мамандар жетіспеді. Тіпті редакцияның үйі де болмады. Сөйтсе де, газет алыс ауыл, аудандарға тарады, еңбекшілерге жаңалықты жеткізіп отырды.

Басылым 1921 жылы 14 наурыздан Петропавлға ауыстырылып, «Бостандық туы» деген жаңа атпен Ақмола губерниясының газеті болып шыға бастағанын тарих беттері жалаң болса да мағлұматтаған. Тарихи деректерді сөйлетсек, осы тұста газетке губерниялық атқару комитетінен Сабыр Шәріпов жауапты редактор етіп жіберіледі. Бұрынғыдай емес “Бостандық туының” тұрақты редакторы, азды-көпті болса да әдеби қызметкерлері болды. Одан кейін газеттің бас редакторы болып ақиық ақынымыз Мағжан Жұмабаев тағайындалыпты. Оның өлең-жырларымен бірге газетте “Сайлау, “Бірінші май мейрамы”, “Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз” сияқты мақалалары, “Ертек” поэмасы жарияланғанына ескі газеттер арқылы көз жеткіздік. Ол өз шығармаларына қазақ халқының бостандығын арқау етті. Әрине, бұл сол уақытта Кеңес одағының саясатына ашық қарсылық болатын. Сондықтан Мағжан Жұмабаев қызметінен кетуге мәжбүр болды. Одан кейін газетке Сабыр Айтқожин, Жанұзақ Жәнібеков қол қойыпты. 1922 жылы губерниялық комитет Сәбит Мұқановты осы газет редакциясына жауапты хатшы етіп жібереді. Ол уақытта Зейнолла Төреқожин редактор, ол Жанұзақ Жәнібеков оның орынбасары қызметін атқарыпты. Газет қолға қалам ұстап, сөзді қару еткен қазақ жазушыларының қатарын қалыптастыруға зор ықпал еткенін білеміз.Бостандық туы” газетінің қызметкерлері сол заманның болмыс-бітімін суреттеп, келешек ұрпақ алдындағы қарызы мен парызын адал атқара білгенін пайымдаймыз.

Газет қағазы сарғайып, шеттері әбден көнергендіктен кейбір авторлардың есімін анықтау қиынға соғады демесеңіз, мәтіндердің барлығы дерлік жақсы сақталған. Бұл тақырыпты тереңірек зерттеу қазақ журналистикасы мен БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат тарихының ақтаңдақ беттерін қалпына келтіруге жол ашары сөзсіз. Қазақ баспасөзінің бүгінгі мұрагерлері – жас журналистер өз кәсібінің түп-тамырын тануға ден қояды деп сенеміз. Айтпақшы, «Кедей сөзі» мен «Бостандық туы» газетінің тікелей мұрагері – «Солтүстік Қазақстан».

Сағадат Әсел Берікқызы

Авторы
Сағадат Әсел Берікқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым