Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәрбиеші деген кім?

Нургуль
2 мин оқу 96 оқылым

Тәрбиеші  — балабақшаны бақша деп алып,  келген бала  гүл болса,  онда ол сол гүлді баптап, күтіп, барлық жәндіктер мен құстардан қорғайтын бағбан.  Гүліміз бала, бағбанымыз тәрбиеші.  Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие  беретін   отбасынан кейінгі екінші анасы.  Топтағы әрбір бала бір ашылмаған сыр,құпия. Әр баланың мінезі әр түрлі. Бір бала жылдам болса, екінші бала  баяу, барлық нәрсені байыппен жасағанды жақсы көретін келеді. Ал үшінші  бала болса өзімен-өзі отырғанды жаны сүйетін болып келеді.     Оқу- инемен құдық қазғандай десе, тәрбие де инемен құдық қазғандай деп айтуға болады.  Себебі  жоғары да айтып өткендей  әр баланың көңілінен жол табу ол бір үлкен ғылым дейтін болсақ, онда тәрбиеші  ол-ғалым болып саналмайды ма? Сол үшін тәрбиші әр баланың жас ерекшелігіне, мінез-құлқына  қарай бейімделіп, онымен бірге бала болып сөйлесіп, бала болып ойнап, бала болып күлу ол  оңай емес, ол үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс.

Абай атамыз айтқандай «жас  бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам, ойнасам» болса, ал екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам , ол немене? Ол кім екен?» деген қызығушылығы тұрады. Мұның бәрін білгісі келген балаға тәрбиеші бағыт-бағдар беріп, көмек  көрсетіп, тексеру, нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті.

Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.

Шын жүрекпен қалаған кәсіп пен  таза тер төгілген  еңбек арқылы өмірлік абырой-беделді, қоғам алдыңдағы құрмет сыйға ие болуға болады. Ал, тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп  жүрген жандар ғана түсінеді. Бір мезетте  алдындағы жиырма –жиырма бес балаға қарау, көңіл бөлу,  олармен тілдесу  тек сырт көзге ғана оңай жұмыс.

Тәрбиешілер  елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші. Өйткені, жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін анасынан кейінгі  сіңірушісі, үйретушісі. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды дариды.

«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» деген ұлы Абай. Олай болса әріптестер жас ұрпаққа  мейірім шапағатпен , еңбекке баулу мен  қоса Отанға деген, Ана  тілге деген, жас ұрпаққа деген  махаббатын нығайта отырып, оларға тура бағыт бағдар  беру біздің тікелей міндетіміз болып табылады.

Өз мамандығымызды сүйейік  және мақтан тұтайық тәрбиешілер!

Мырзагулова Нургуль Жылкибаевна

Қызылорда қаласы, «Бөпежан-2» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нургуль

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қазақстан қорықтары

Мәтінде Қазақстандағы табиғатты қорғау тарихы және Ақсу-Жабағылы қорығының аумағы, өсімдіктері мен жануарлары туралы деректер берілген.

Нургуль 9 мин 46 оқылым
Қазақстан тарихы

Ата заң

Мәтінде қазақтың дәстүрлі құқық жүйесі, билер сотының тәртібі және құн, тоғыз, айып түріндегі жазалар туралы баяндалады.

Нургуль 3 мин 45 оқылым
География

Қазақстан қорықтары

Материалда Қазақстандағы қорықтардың табиғатты қорғаудағы рөлі және Ақсу-Жабағылы қорығының тарихы, аумағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі баяндалады.

Нургуль 10 мин 144 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым