Мазмұнға өту

Тәрбие тал бесіктен

Амина Сәбитова 2 мин оқу 26 оқылым

«Тәрбие – тал бесіктен»

Тәрбие тал бесіктен бастау алады. Қай кез болмасын әрбір адамның алдында, ойында тұратын басты міндеттердің бірі – ақылды, еңбекқор, иманды, өзіне-өзі жауап бере алатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, есті, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр адам өзінің келер ұрпағы қайырымды, ақылды, есті, ержүрек, адал, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсететін әділ, ізгі ниетті, көңілі ақ, еш мойымайтын, ар ожданы кең болып өссе екен деп тілейді, армандайды.

Бала дүниеге келгеннен бастап ол анасы мен әкесінің қамқорлығында болады. Анасы мен әкесі бала үшін әрдайым жауапкершілікте болады. Оны жақсы перзент болсын деп, бар жақсыны соған береді, мәпелейді, аялайды, жақсы көреді. Бар жағдайын жасайды. Кішкентай кезден бастап балаға дұрыс тәрбие беру, дұрыс жолды көрсету ата-ананың парызы. Тәрбиенің кірпіші сол кезден бастау алады. Ата-ана дұрыс тәрбие беру үшін олар алдымен өздерін дұрыстау керек. Өздерін  дұрыстап, анализ жасап, жақсы әдет қалыптастыру керек. Сол кезде тәрбие дұрыс беріледі. Жүрегіне еліне деген махаббат, мейірім қалыптасуы қажет. Жас  ұрпақты  Отанға, елге, халық  мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке, жақсылыққа, мейірімділікке  тәрбиелеу – ата-ана мен білім беруші мұғалімнің  басты міндеті.

Ата-анасы өз баласының жоғары дамуын үнемі бақылап, қадағалап отырса және баласының жақсы қасиеттерін жиі айтып мақтап отырса баланың ата-анасына деген құрметі, махаббаты, мейірімі артады.

Ата-аналардың басты міндеті-балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру. Егер отбасында өзара түсіністік, сенім және жылулық болса, бұл нағыз бақыт.

«Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» дейді қазақ халқы. Шешесі қызына біреудің ала жібін аттама, жолын кеспе, сөз қайтарма деп бірқатар тәрбие беріп отырса, ұл балаға әкесі елінді қорғайтын мықты азамат болуын керексін, өтірік айтпа деп жамандықтың ізін кесіп отырса онда әке-шешесі дұрыс тәрбие бере алады балаларына. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып келеді.

Халқымыздың ұлы ақыны Абай баланың өмірді танып–білуіне, оның бойында қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата–ана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр.

Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі — әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бағалы дүниелердің, ережелердің бірі.  Ата – анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Өзгелерге мейіріммен қарап, солармен санасып, өмір сүреді. Ал егер әке-шешесі баласының көзінше айқайлап ұрысатын болса, жаман сөздер айтатын болса,  баланың психикасы бұзылып, өмірден өзіне не керектігін, не үшін өмір сүріп жүргендігін, қандай ортада болу керектігін білмейді. Сондықтан ата-ана баланың өмірінде тәрбиеге көңіл аударғанда маңызды рөл ойнайды. Ата-ананың қандай екенін баласына қарап білесін.

Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды,қайырымды, есті, ақылды, жүрегі қазақ деп соғатын балаларды тәрбиелеу үшін ата–ана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті тәрбие болып саналуы тиіс. Себебі ата-ана бала үшін үлгі болып табылады.

Тұран университеті, Журналистика факультеті  Сәбитова Амина

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Амина Сәбитова

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Тәрбие - тал бесіктен

«Тәрбие – тал бесіктен» Тәрбие тал бесіктен бастау алады. Қай кез болмасын әрбір адамның алдында, ойында тұратын басты міндеттердің бірі – ақылды, еңбекқор, иманды, өзіне-өзі жауап бере алатын, өз ісіне…

Амина Сәбитова 35 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин