Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

1 мин оқу 424 оқылым

Тәрбие –тал бесіктен... Осы үш сөздің түпкі негізінде қанша мағына, қаншама тәрбие жатыр. Тәрбие дегеніміз – ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстайтын өнегесі,үлгісі, әдет – ғұрыпы менрухани байлығы. Тәрбиелі жанның алдынан көптеген есіктер ашылары сөзсіз. Тәрбиелі адам  кез-келген ортада өз орнын таба біледі. Тәрбие отбасынан, ата-анадан басталады. Ұрпақтың тәрбиелі болып қалыптасуына  отбасының тигізер әсері мол. Ата-ананың ең басты қызметтерінің бірі –  өнегелі тәрбие беру.Баланың дүние есігін шыр етіп ашқаннан бастап тәрбие басталады. Содан да болар, тәрбие тал бесіктен басталады деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеумен бірдей екендігін ұғынып, қызды қырық үйден тыйыммен тыя білген. Осыдан келіп, қазақтың қызы ибалы, ізетті, иманды болған.Адамның баласының тәрбиесі өзінен емес. Ең алғаш адам көзін ашқанда-ақ оның әке-шешесі оған жүруді, сөйлеуді үйретіп,дұрыс азамат болып қалыптасуына ат салысады.Ал сол тәрбиенің тамырын бойымызға сіңіру қашанда өзімізге байланысты. Жалпы алғанда, бала тәрбиесіне көптеген дүниелер әсерін тигізеді: отбасы, қоршаған орта, білім ордалары, қоғам және жалпы ондағы мәдениет. Яғни, отбасында берілетін тәрбие балаға жеткіліксіз. Сондықтан, ата-анадан бөлек мектебі, достары, ағайын-туыстары, тіпті қоғам жауапты болып табылады. Кейде жөнсіз іс-әрекеттерді көрсек, «заман өзгерді» деп ой түйеміз. Өз мойнымызға жауапкершілікті алудан қашқақтаймыз. Бұдан келіп шығатын қорытынды: баланыі тәрбиесі – адамзаттың  ортақ ісі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақ халқының сөздерінде үлкен астарлы мағыналар біраз ой түйдіреді. Тәрбиесіздікпен алынған білім, адамның қас жауы. Бірақ, ешбір  орта жанұяңнан, ана мен әкеден алған тәрбиені алмастыра алмасы сөзсіз. Егер ата-бабаның ізімен, ананың жылулығымен берілген қасиеттері мол, ізетті ата-ананың тәрбиесін көрген жас буындар көп болатын болса, онда болашағымыздың жарқын болары  деген сөз.Болашағымыз айқын болсын десек, тәрбиемізді тал бесіктен түзейік.

Авторы
Барақ Назира

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 11 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 71 оқылым